Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сөз көп, іс жоқ

123

Қазір сол құр сөздің өзі төлемақылы болып кетті. Психология тақырыбы бойынша жазылған бірлі жарым кітап оқып алғандар өзгелерге бақытты болудың жолын нұсқайды.

Миллиардерлердің жазған кітаптарының дүмбілез кем-кетік аудармасын оқығандар баюдың тәсілін үйретеді. Ғұламалардың ғахылиясын шала-шарпы жаттағандар ел алдына шығып, ұзын сонар сөз алып, жатып кеп көсемсиді.

Бұлардың бәрі келсін-келмесін семинар-тренинг, мастер-класс өткізеді. Оның бәріне тыңдаушылар ақша төлеп қатысады.

Солай сөйлеп, жылу жинау үшін даусың зор, бетің қалыңдау болса, жетіп жатыр. Сонда, мұндай төлемақылы бос сөзді тыңдау үшін ақша шығындағанша, жұрт солар айтып жүрген кітапты өздері неге тауып алып, үйінде отырып оқи салмайды екен? Қысқасы, сөз көп, іс жоқ.

 

Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз