Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Сөз бе екен, тәйірі!”. Әлеуметтік желілерді ұршықтай иірген егіз әже

299

https://kaz.365info.kz/khyrgyzdyn-astynda-sanyn-zhaltyratkhan-kamshat-zholdybaeva-tosekten-bir-akh-shykhty-video-333963

«Facebook-пен» қалай достастық?

“Әңгімеге арқау болып отырған егіз әжелер – Фатима Исақова, Зәуре Беркімбековалар 69 жаста.

Ол кісілер «Facebook»-тің еліміздегі ең жасы егде қолданушылары екен.

Екеуі де көп балалы ана, 20-ға жуық немеренің әжелері. Егіздер сауда саласында еңбек етіпті. Балаларына жоғары білім әперіп, барлығын қызметке орналас­тырған. Ғұмырлық серіктерімен ұл-қыздарын тәрбиелеп, үйлі-жайлы еткен.

Егіз әжелермен сөйлесіп, осы жаста әлеуметтік желілердің түр-түрін меңгеру қиын емес пе, қызығушылық неден басталды, жастарға айтар кеңесі бар ма деген сұрақтар төңірегінде пікірлерін білдік.

«Бет пердең ашылды». Желідегі қазақ Серік Абас-Шахты сойып салды

«Өткен жылы бала-шағам туған күніме смартфон сыйлады. Мұндай телефонды меңгеру тұрмақ, ұстау­дың өзі ыңғайсыз көрінді. Естияр немеремнен бір-екі рет телефонды қажетіме қарай пайдалануды сұрап, қалғанын өзім үйреніп алдым.

Білгеннің үстіне біле түскім келіп, іздене бердім. Осылай қызығушылығым оянды. Тіпті, сыңарым Фатима Исақоваға да үйреттім.

Күнде бір жаңалыққа кездескен сайын соны өзім ашқандай қуандым. Әсіресе, «Фейсбукке» тіркелгенім  көңілімді жасартып жібергендей еді. Немерем Дастан мен қыздарым Дана, Әмина, ұлым Әлиден осы желінің қызық екенін естіген соң, мен де тіркеліп алайын деп шештім. Жылдың басында өз парақ­шамды ашып, көптің пікір ордасына айналған «Фейс­букпен» осылай достастым.

Кейін, келе-келе, Қазақстанның біраз өңірлерінен достар таптым, олармен де аз-кем шүйіркелесіп қоямын.

Арасынан егде жастағыларды кездестірсем, қатарымның толығып жатқанына қуанамын. Осылай уақыт өтіп, біраз «топтарға» жазылдым. Дос­тарымның саны әзірге азырақ. Бірақ осы белсенділігім қалмаса олардың қатарын 5 мыңға жеткізу ойымда бар», – дейді Зәуре апамыз.

Шектен шықпаған жөн

Бұл кісілер түрлі топтардағы кей жастардың көргенсіз суреттері мен ұятсыз жазбаларына кейіп отыратындықтарын айтады.

Көптеген қыз-келіншектердің жасандылыққа құмарлығы да түбі жақсылыққа апармайтынын айтқан Фатима апамыз

кірпік жалғап, ерін үргізген, жартылай жалаңаш киімдегі қазақтың нәзік жандыларына да ескерту беруден жалықпаймын дейді.

Өмірдегі тәжіри­белерінен түйгенін осы желідегі кеңес сұраған әрбір қолданушыға түсіндіріп, шыдамды, сабырлы болуға шақырып отырады екен. Замандастары әуелгіде:

«Жастардың ермегі ғой, қойсаңшы», – деген болса, қазір олар да осы «Фейсбуктен» табылыпты.

«Ақ көйлек кимедім». Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің өзінен 12 жас үлкен екенін айтты (видео)

«Алғашқыда өзіміздің жақындарымыздың жаңалығын, суреттерін көріп отырғанға мәз болған едік. «Лайк» басу, «бөлісу» де соншалық қызық екен. Оның да қызығына батып, өз суреттерімізге де баса беретінбіз. Мұны байқаған қыздарымыз:

«Өзеріңізге лайк баспаңыздар, ұят болады», – деген соң тоқтаттық қой.

Неме­релеріміздің телефоннан бас алмай отырғанына қарап, осылар бізден үлгі алып жатқан жоқ па екен деген де ойға қаламын. Сөйтіп өзімізді де тыйып, ұрпағымыздың ғаламторда санасы уланбасын деп тоқтау салатын болдық», – дейді Фатима әже.

Әжелер заманауи технологияны игергенімен оның жаман жақтары да барын айтады.

«Смартфонды тиімді пайдалану керек, оның жетегінде кетпеуді де назардан шығармаған абзал.

Мұны әрбір ата-ана білгені жөн», – дейді олар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз