Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сovid-19 вирусын жеңіп, экономиканы қалай құтқаруға болады — сапаршылардың ең үздік идеялары

320
Сурет: medium.com

Барлығы бетпердемен жүрсін

Гонконг және бірнеше еуропалық университеттердің бес зерттеушіден тұратын тобының бірлескен зерттеуі халықтың 80%-ы бетперде киіп жүретін болса, бұл инфекцияның таралу деңгейін айтарлықтай қысқартатынын көрсетті.

Бетперделерді жаппай пайдалану, бәлкім, Жапонияда инфекцияның баяу таралуына себеп болса керек. Сонымен қатар, оларды халықтың басым бөлігінің пайдалануы Гонконгта да өз нәтижесін көрсетті.

Бетперде белгілі бір деңгейде вирус жұқтырудан қорғамауы мүүмкін. Бірақ

 ол вирустың таралуына тосқауыл болады

Ауруы еш белгісіз өтіп жатқан адам да жұқтыру көзі  болуы мүмкін екені белгілі.

Құрамына биологтар, дәрігерлер, экономистер мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар кіретін Йель университетінің пәнаралық тобы,

«халық сатып алып киген әрбір бетперде АҚШ экономикасына келген шығынды 3-тен 6 мың долларға дейін төмендетеді» деп есептейді.

Ал денсаулық сақтау қызметкерлері үшін кәсіби деңгейдегі маскалардың пайдасы одан да жоғары болуы мүмкін.

Мұнда бүр үлкен «бірақ» деген нәрсе бар. Көптеген ел, атап айтқанда Америка, бетперденің, соның ішінде кәсіби бетперденің жетіспеушілігіне тап болды. Сұраныстың қаншалықты жоғары екенін білмегендіктен өндірушілер өндіріс көлемін арттыруға асықпайды. NRP-ге берген сұхбатында бетперде өндіретін ірі америкалық компанияның иесі Майкл Боуэн былай деп жауап берді:

«2009 жылы H1N1 тұмауының пандемиясы кезінде сұраныс артты. Біз көп адамды жұмысқа алып, өндіріс көлемін ұлғайттық. Бірақ кейіннен компанияны құтқару үшін жалданған жұмысшылардан да көп адамды қысқартуға мәжбүр болдық. Бұл жай ғана түймені ауыстыру емес. Миллиондаған шығын шығарып, адамдарға  үйретесің. Сен осындай жұмыс істеп жатқанда, сұраныс күрт төмендеп кетеді».

Жағдайдан шығар жол

Р-стрит институтынан Калеб Уотни және прогрессивті саясат институтынан Алек Стэпп осы мәселені шешуді ұсынады. Негізгі идея – мемлекет бетперделерді ұзақ уақыт бойы сатып алуға кепілдік беруі. Бұл бизнес иелеріне инвестицияларын қайтарылатынына кепілдік береді.

Тек

пандемияға қатысты жағдай болжанғаннан бұрын қалыпқа келсе, сайып келгенде қажетсіз шығындарға әкелуі мүмкін

Алайда, ғалымдар  артық бетперделерді келесі пандемия жағдайында сақтап қоюға болады дейді.  Сонымен бірге, оны қаржылық мүмкіндігі жоқ елдерге гуманитарлық көмек ретінде пайдалануға жарайды.

2. Көбірек тест керек

Оңтүстік Корея мен Қытайға қарар болсақ, тестілеуді ауқымды түрде жүргізу пандемияны басқаруды жеңілдетеді деп айтуға болады.

Эпидемиологтан гөрі экономист Пол Ромер жаппай тестілеудің  пайдасына қатысты есептеулер жүргізді.

Оның сайтындағы симуляция әрбір америкалықты  екі аптада бір рет тестілеу арқылы вирусты жеңуге болатынын көрсетеді. Байланысқа түскен адамдарды  бақыламай-ақ, вирус жұқтырған адамдарды анықтауға көмектеседі. Және

тестілердің 20%-ы теріс нәтиже көрсетсе де, бұл жұмыс өз нәтижесін береді

Ромердің айтуынша, тестілеуге ең басты қарсы шара ретінде қараудың қажеті жоқ. Бірақ оны басқа шалараламен кешенді түрде қолданса тезірек нәтижеге қол жеткіземіз.

3. Тестілеуді ақылға салып жүргізу керек

Ромер бұл жолы биоэтик және дәрігер  Зик Эмануэлмен бірігіп, мүлдем басқа адамдарға тестілеу жүргізіп жатыр деген тағы бір мәселені көтерді.

Елдердің басым көпшілігі диагностикалық белгілері бойынша тестілеуде. Яғни, адамның тұмаумен немесе коронавирус  ауырғанын түсінуге тырысады. Бұлай тестілеу жолын ақпан айында, елдің бәрі қалыпты тұмаумен ауырған кезде  қолданса пайдалы болар  еді.

Ромер мен Эмануэль вирусты таратуы мүмкін деген адамдарды тестілеу тиімді деп санайды. Сондай-ақ кең ауқымды тестілеуді өткізетін мүмкіндік пен қаражат болмаса да осы әдісті пайдаланған жөн.

Мысалы, мен отбасымның басқа мүшелеріне қарағанда азық-түлік алуға жиірек барам. Демек, вирус жұқтырған жағдайында, әйеліме қарағанда мен вирусты таратушы боламын. Бірақ супермаркеттегі сатушылар да көп адаммен байланыста болады және тиісінше қауіптілігі де жоғары. Бірақ оларды аурухана қызметкерлерімен салыстыруға да келмейді.

Яғни

вирусты тарату мүмкіндігі жоғары адамдар тобын бөліп алып, оларды тұрақты негізде тестілеу ұсынылады

Мұндай тәсіл тестілеу тиімділігін арттырады және пандемияны тез тоқтатуға мүмкіндік береді.

4. Тұрмыстық таралуын тоқтату керек

Сент-Эндрюс Университетінің вирусологы Муге Чевик Азия елдерінің зерттеулеріне шолу жасады. Ол мақаласында вирустың үй арасында  таралу деңгейі өте жоғары дейді. Басқаша айтқанда, көптеген адам өзінің бөлмедегі көршісінен  немесе отбасы мүшелерінен індет жұқтырады.

Ағымдағы CDC басқару принциптері жұқтырғандарды «үйдегі басқа адамдар мен үй жануарларынан оқшауланып, бір бөлмеден шықпауға» және «жеке ванна бөлмесін пайдалануға» шақырады.

Бұл көптеген жағдайларда тиімсіз. Барлығының үлкен үйі жоқ, кейбіреуі үнемі қамқорлық танытып, көмек көрсетуді қажет етеді. Азия елдері індет жұқтырған адамдарды отбасынан ауруханаларға оқшаулап  вирусты жеңудің жақсы үлгісін көрсетті. Қазақстанда да бұл жол өз нәтижесін көрсетті. Осы арқылы жұқтырудыуң барлық тізбектері ерте ме, кеш пе үзілері анық.

5. Экономиканы құтқару үшін ақша жұмсау қажет

Көптеген жетекші экономистердің пікірі экономикалық проблемаларды жеңілдетудің ең жақсы тәсілі — көп ақша жұмсау дейді.

Барлық елдер уақытша жұмысынан айырылған халықтың жүгін жеңілдетіп,  бизнеске көмектесу үшін бірқатар шаралар қабылдады. Алайда, Вашингтонның Әділ өсу орталығының макроэкономисі және Федералды резервтегі бұрынғы штаттағы экономист Клаудия Сам бұл шаралардың барлығы тиімділігі аз болжды дейді.

Оның пікірі бойынша,

қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде мемлекеттік ақшаны табысты әрі пайдалы жұмсаудың екі жолы бар

Бірінші – мемлекет ай сайын барлық халықты қаржы жағынан қолдауға тиіс. Кем дегенде орташа айлық мөлшерінде көмек бергені жөн. Бұл экономикалық көмек қажет болғамаған кезге дейін жалғасуы керек.

Жабық шекара жағдайында бұл қаражаттың негізгі бөлігі ел ішінде қалады және экономикаға басқаша оралады. Бұл халықтың сатып алу қабілетін сақтайды және несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға және коммуналдық төлемдерді төлеуге рұқсат беруден гөрі тиімді жұмыс істейді.

Экономикалық инновация мамандары Адам Озимек пен Джон Леттьери Бизнесті, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау үшін

нөлдік пайыздық мөлшерлемемен несие беруді ұсынады

Олардың пікірінше, бұл бірінші кезекте өндіріспен байланысты кәсіпорындарға пандемияға байланысты сұраныстың күрт құлдырауын жеңуге көмектеседі. Бұл экономиканы тез қалпына келтіріп, оны одан әрі дамытады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз