Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Соттатып жіберем…”. Баян Алагөзова өзіне қарсы шыққан Талғат Теменовті жағасынан алды

Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Бұған дейін Алагөзова «ештеңені ұрламағанын», сонымен қатар «Махаббат бекеті» фильмінің авторлық құқығы «Қазақфильмге тиесілі екенін айтқан еді. Яғни 25 жыл бұрын Теменов мырза көпшіліктің жүрегін жаулаған танымал фильмінің авторлық құқығын «Қазақфильмге» өткізген екен.

https://kaz.365info.kz/nen-bar-bayan-alagozova-ozin-ajyptagan-talgat-temenovkha-zhaman-zhauap-berdi-326181

Өз сөзінде Баян Мақсатқызы  режиссер Талғат Теменовтің өз фильмін мемлекет қаржысына түсіргенін, сол үшін қаламақысын да алғанын айтты. Сондықтан, қарсы шыға алмайсыз, – дейді продюсер.

«Менің басқа атаумен фильм түсіруге, өзім қалаған актерлерді шақыруға құқығым бар. Алдағы уақытта осы сипаттағы мәлімдеме жасап, ел алдында мені ұрлық жасады деп айыптамас бұрын, абай болыңыз. Мен тиісті органдарға шағымданып, сізді жауапкершілікке тарта аламын», – деп жазды Баян Алагөзова Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар ол Теменов мырзаға «Тағдыр бекеті» фильмін түсіргелі жатқанын ескерткенін атап өтті. Алайда режиссер өзінен 50 мың доллар талап еткен көрінеді.

«Сондай-ақ, өзіңіге ескертілмегені жөнінде өтірік айтудың қажеті жоқ. Сіз менен 50 мың доллар талап еттіңіз және осылайша ақша тапқыңыз келді. Бұл әрекетіңіздің куәгерлері де бар.

Егер сіз мені айыптамағанда, бұл жайттар туралы ауыз ашпас едім. Кешіріңіз, алайда мен фильмді мемлекеттің ақшасына түсіріп жатқаным жоқ, сондықтан сізге қалаған ақшаңызды бере алмаймын. Сіз қалаған жеріңізге, қалаған әдісіңіз бойынша шағымдана аласыз», – дейді Алагөзова.

 

 

Сондай-ақ, продюсер қолында аталған фильмді түсірге рұқсат беретін құжаттардың барын айтып, тіпті суретін жариялады.

«Мен фильм түсіруге рұқсат беретін құжаттарды ресми түрде алдым. Олардың ішінде музыканың авторы Төлеген Мұхамеджанов та бар», – деп түйіндеді Баян Мақсатқызы.

 

View this post on Instagram

Уважаемый Талгат Досымгалиевич, раз уж вы выбрали публичное обращение в мой адрес, обвиняя меня в воровстве, мне ничего не остаётся, как ответить вам тем же. Во первых вы сами 25 лет назад передали все свои права, в том числе как автора сценария. Фильм «Станция любви» был снят за гос бюджет, вы получили свой гонорар и претензий у вас быть не может, соответственно ныне картина принадлежит Министерству Культуры РК, с чьего официального разрешения я и приступила к съёмочному процессу. И чтобы вам было ещё понятнее, фильм называется «Станция судьбы» и это совсем другой сценарий, и другая история, не написанная вами, и к вам отношения не имеющая. Я имею право снимать фильм под другим названием, и приглашать актёров каких считаю нужным. Впредь, прежде, чем делать заявления такого характера, будьте осторожны, публично обвиняя меня в воровстве, я могу обратится в надлежащие органы и призвать вас к ответу. И лгать о том, что вы не были предупреждены, не надо, это вы хотите заработать, так как требовали с меня 50.000 долларов, на что имеются свидетели, я бы промолчала о данном факте, если бы не ваши обвинения. Простите, но я не снимаю картину на гос деньги, и не могу раскидываться вашими аппетитами. Вы можете жаловаться куда угодно, и как вам угодно, делайте это по мужски, тихо и интеллигентно желательно. Официально, я получила все разрешительные документы, в том числе и автора музыки Толегена Мухамеджанова.

A post shared by Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy) on

Естеріңізге сала кетсек, “Махаббат бекеті” фильмінің режиссері Талғат Теменов фильмнің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзоваға ренішін айтқан еді. Мұнан кейін Баян Мақсатқызы режиссерге жауап беріп,“ештеңе ұрламағанын” айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз