Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Сот күзеті қайда қараған? Әйелін сот залында өлтірген еркек пышақты етігіне тығып кіріпті

123

Ер адам күтпеген жерден аяқ киімінің ішінен пышақ алып, оған бірнеше рет сұғып алған.

Ерлі-зайыптылардың өзара жанжалы кезінде судья мен сот қызметкерлері сот залында болмаған. Азамат Н.Бекибаев өзін тоқтатпақ болған сот приставына белсенді қарсылық көрсеткен. Кейін оны оқиға орнына шұғыл келген сот төрағасы мен “Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы” қызметкерлері тоқтатқан.

Дереу арада жедел жәрдем шақырылып, Ж.Таубаева ауруханаға жеткізілген, алайда, ол қаза тапты. Сонымен қатар, оқиға орнына Амангелді аудандық ішкі істер басқармасының шұғыл тергеу бөлімі шақырылып, қолы қайырылған Н.Бекибаев соларға табыс етілді„ делінеді баспасөз хабарламасында.

Әйеліне пышақ сілтеген Бакибаев Арқалық мемлекеттік институтын “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша бітірген,

қазіргі уақытта Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен.

Сот ғимаратына пышақ алып өту фактісі бойынша, аудандық сотта кезекшілік еткен “Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы” ММ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл факт Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелген.

Тергеу деректеріне сүйенсек, ер адам әйеліне пышақты 30 рет сілтеген болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз