Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевты тұтқындады

10-қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы министрдің ұсталғанын хабарлаған еді. Ол топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алу күдігімен қамауға алынды. Тергеушілердің тұжырымынша, заңсыз түрде алынған ақшалай қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жұмсаған.

Қуандық Бишімбаевтың орнына Қазақстан Республикасының жаңа Ұлттық экономика министрі болып Тимур Сүлейменов тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесу кезінде ұлттық экономика министрлігінде болып жатқан кадрлық ауыс-түйіс туралы айтты.

«Министр Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелерге байланысты орнынан босады. Қазіргі сәтте оған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз