Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Сорлы қазақтың бірісің!» — жезөкшеден сөз естіген таксист

731

— Қыздар қай жаққа барасыңдар?

— Біз осы жерде жұмыс істейміз, деп біреуі тақ ете қалды.

— Түн ортасында неғылған жұмыс, деп жынды бола қалдым.

— Аға, түсінбейсіз бе? Осындай жұмыс. Демалғыңыз келе ме? Бір «палка» 2 мың, машиананың ішінде бола саламыз, дегенде шалқамнан түсе жаздадым.

«Қарындастарым-ау, әп-әдемі қыздарсыңдар. Бұларың не? Ұят емес пе? Ата-аналарың білсе сұмдық болады ғой» деп «мораль» оқи бастап едім,

«Бас қатырмаңызшы. Сіз секілділер көп. Басында өстіп сөйлейді де артынан, 2 мың тенге жоқ, 1 мың теңгеге бола салайық дейді. Ұятсыздар.

Бұл жерде еріккеннен тұрған жоқпыз. Менің үйде бір емес, екі балам бар. Байым асырай алмаймын деп тастап кеткен.

Сол екеуін асырау үшін, түнде көшеге шығып, к*тімді сатамын. Жаның ашығыш болса, айлығы мол жұмыс тауып бер. Өткенде бір мектепке барып еден жуушы болып орналасайын десем, айлығы 40 мың теңгеге жетпейді.

И то оған кіру үшін, алдын ала біраз ақша беруің керек екен. Ондай жұмысы құрысын.

Тәнімді өмір бойы сатсам да қос құлынымды асыраймын», деп екі қыздың бірі жұлқынып сөйледі.

— Дұрыстап іздесең жұмыс көп қой. Тәніңді сатып, көрінген көліктің ішінде аунап жатқанша, дей беріп едім, әлгі жұлқынған қыз:

— Менде қақың болмасын. Өзім білемін қалай ақша табуды. Түнгі 2 де өзің не істеп жүрсің? Қара қатыныңның жанында жатпайсың ба, маған келіп закон соққанша.

Таксоват етіп күн көріп жүрген көп сорлы қазақтың бірісің. Маған ақыл айтқанша алдымен мол ақша табатын жұмысты өзің тауып ал!

Демалмасаң, барыңыз ары. Артыңызға бірнеше машина тоқтады. Солармен сөйлесу керек», деп артыма тоқтаған көліктерге қарай кетті.

Не айтарымды білмей, жүріп кеттім. Ішімнен ойлап қоямын:

«Өз күнімді өзім көре алмай жүріп біреуге ақыл айту не теңім? Ол тәнін сатып күн көреді. Ал мен күні-түні таксоват етіп күн көремін.

Айналып келгенде екеуміздің де жұмысымыз оңып тұрғаны шамалы-ау.

Бұған кім кінәлі? Заман ба, әлде өлместің күнін көр деп осындай деңгейге жеткізген билік пе?

Білмедім.
https://kaz.365info.kz/omirde-zhalkhau-tosekte-mylkhau-kedej-taksistin-ajeli-boludan-sharshadym-286830
Сыр бөліскен Жұмахан, таксист

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз