Бахрейнде өтіп жатқан халықаралық футбол федерациясының 67-конгресі кезінде ыңғайсыз жағдай болды.
Мұнда алқалы жиын алдында қатысушыларға арналған дауыс беру жүйесін сынақтан өткізу жоспарланған деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Әлеуметтік желі қолданушылары футбол федерациясы мүшелерінің өз саласындағы осындай айтулы оқиға туралы мәліметті білмеуін қатаң сынға алып, қатты ашуланған.
Еске сала кетсек, 2014 жылы Бразилиядағы дүбірлі доданың финалында Германия құрамасы аргентиналықтарды 1:0 есебімен ұтып, футболдан әлем чемпионы атанған. Кезекті чемпионат келесі жылы Ресейде өтеді.