Орталық референдум комиссиясының деректері бойынша референдумның соңғы нәтижесін жарияланды. Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдап, дауыс бергендер саны 87,15% болды. Дауыс беруге қатысқандардың көрсеткіші – 73,12%.
12 482 613 қазақстандықтың ішінде 9 127 192 адам дауысқа қатысты:
Жарамсыз бюллетеньдер саны – 146 558, жарамды, бірақ есепке алынбағандар – 127 868. Өйткені барлық жауап нұсқалары белгіленген.
«Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, «Сіз жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ бойынша референдум өтті деп есептелсін. Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады», – деп мәлімдеді Орталық референдум комиссиясы.