Дегенмен, синоптиктердің айтуынша, күннің күрт суытуы ұзаққа созылмайды. деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме Sputnik агенттігі.
Сонымен қатар, еліміздің басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, оңтүстік аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Күннің суытуы қысқа мерзімге ғана созылады, 3 наурыздан бастап солтүстік ағындар батысқа ауысып, ауа температурасы қайта көтеріледі.
https://kaz.365info.kz/abaj-bolynyzdar-almaty-oblysynda-kej-onirlerdi-su-basu-khauipi-bar-304351
“Қазгидромет” РМК сайтында нақтыланғандай, ертең Шығыс Қазақстан облысында күндіз температура +5 градусқа дейін жоғарылайды. Сонымен қоса, жаңбыр мен қар жауады.
1-2-наурызда облыста сынап бағанасы —20-25 градусқа, күндіз —15-20 градусқа дейін төмен түседі. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/c жылдамдықпен жел соғады. 28 ақпан – 1 наурыз аралығында желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.
28-ақпан күні Қарағанды облысында да күн аз уақытқа жылынып, температура +3 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райы жауын-шашынды болады, қар ериді, жазық аумақтарда еріген қар суы жиналуы мүмкін. 1-2 наурызда ауа температурасы түнде —17-25, күндіз – 13-28 градус болады.