Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сонда да сүйем”. Жеке өмірі туралы бар шындықты айтқан Ақбота тікелей эфирде егіліп жылады (видео)

309

Әнші Дәуренмен бірге тұрмаймыз, бірақ әріптес ретінде жақсы араласамыз, дейді. Айтуынша, Дәуренді әлі де сүйеді. Бірақ, олардың ажырауына актердің анасының сөзінен аса алмауы кедергі болған.

“Дәуренмен қазіргі уақытта бірге тұрмаймыз, біраз уақыт болып қалды. Көп түсініспеушіліктер болған соң, біраз уақыт бөлек тұрайық деп шешіп, екі жаққа кеттік. Мен ол кісіні жаман дей алмаймын, өте балажан. Ашумен біраз айтқан болатынмын. Ол кісінің жақсы жақтары бар. Актерлік жағынан талантты, әкелік махаббатын айтатын болсам тағы жақсы.

Бір кемшілігі, “мамасының” баласы”, – дейді Ақбота.

Сондай-ақ ол Дәуреннің ата-анасы өзін жақсы қабылдағанын, олармен әлі күнге дейін араласып тұратынын мәлімдеді.

“Ұлына көмектесіп тұрады. Ер адамның намысына тигім келмейді. Ата-енем мені жақсы қабылдады. Біз ажырасамыз дегенде таңғалды. Біраз уақыт қараңдар, өздерің көріңдер деді. Мені де қыздарындай жақсы көреді. Арамыз үзілген жоқ. Дәурен қазір ата-анасының үйінде.  Мен оны сүйдім, әлі де сүйемін. Арамызда біраз жайттар болды. Бірақ ол кісі де халықтың сөзінен шаршады деп ойлаймын. Ойландым, толғандым. Жүрек қалап тұрған адамды әрі итере алмайды екенсің.  Басында апам, көкем, жеңгелерім қарсы болды.

Ол жақтан оның баяғы жұбайы шамалы шатақ шығарып, болмаған нәрселерді айтып, арамызға түсіп жатты.

Басында екінші әйел алуға келісім бергенімен, мені көрген соң  сөзінен тайды. Көбінесе қазір ұлыммен жұбанамын”,- дейді көз жасын тоқтата алмаған әртіс.

9 жасында анасынан айырылып, нағашыларының қолында өскен әнші марқұм әкесінің туыстарымен  бүгінде араласпаймын дейді. Ал өзін “некесіз бала туды” деп сынаушыларға Ақбота өкпесін жеткізді.

“Шариғат бойынша некемізді қиғанбыз, өсіп келе жатқан баламды некесіз деп айтып атына лас келтіретіндер олай айтпаса екен. Біз ресми некеге тіркелмедік, бірақ шариғат бойынша туыстарымызбен барып, некемізді қидырдық.  Бұл Дәуреннің шешімі. Оның ойынша, мұсылмандық неке ғана маңыздырақ”,- деді әнші.

Еске салсақ, актер Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет “Гламур для дур” фильмінен кейін шаңырақ көтерді. Дәурен өзіне үш бала сыйлаған екінші әйелін тастап, Ақботамен үшінші рет некесін қиған. Бүгінде атышулы жұптың Ибрахим есімді ұлдары бар.

Тақырып VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз