Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сөмке-сөмке ақша…”.Тоқмәдидің бұрынғы әйелі сотта жауап берді

Жәкішеваның айтуынша, олар Тоқмәди спорттық іс-шараларда нұсқаушы болып жүргенде танысқан.  Ерлі-зайыптылар бірлесіп  90-жылдары шағын бизнес бастап, «Мадина» дүкенін ашқан. Сол кездерде Тоқмәди спортшыларды жаттықтырып, шетелге жарыстарға шығып жүрген.

«2001 жылы олар Непропёкинмен бірге жұмыс істеп, “Семрюжком” ЖШС ашты. Олар отбасы болып араласатын. Кейін бірігіп база сатып алды. Қаржы жағынан мәселелер болып банкпен байланысты. Сол кезде оларға Ержан Тәтішев басқаратын «Тұран Әлем» банкі көмектесті», – деді Жәкішева.

Ержан Тәтішевпен болған қайғылы оқиға туралы Жәкішева өзінің күйеуі Тоқмәдиден естіген.

«Тәтішев Мұратханды аңға шығуға өзі шақырғанын білемін. Біз мерекелік кеште болдық … Содан кейін (Тәтішевтің қайыс болған күні) Мұратхан маған звондап, қайғылы оқиға болғанын айтты. Бірақ мән-жайды дұрыс түсіндіріп айтқан жоқ», – деді Мұратхан Тоқмәдидің бұрынғы әйелі.

Прокурор Жәкішевадан Тоқмәди үйге алып келген сөмке туралы  сұрады.

«Бұл 2004 жылы жазда немесе көктемде болатын. Мен қара спорттық сөмкені көрдім. Мұратхан маған ештеңе айтпады, бірақ мен қызығып, қарадым.

Онда доллармен ақшалар болды.

Банктікі шығар деп ойладым. Ол үйде бірнеше күн тұрды. 2005 жылы да сол сөмкені үйден көрдім. Мен оны кім әкелгенін білмеймін. Ол Мұратханның бөлмесіндегі төсектің астында тұрды» , – деп жауап берді Жәкішева.

Оның айтуынша, мұндай ірі көлемдегі ақшаны үйінен 2 рет көрген.

Еске сала кетейік, «шыны королі» аталып кеткен кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылды.

Бұдан бұрын, ол банкирді Мұхтар Әблязовтың бұйрығымен өлтіргенін мойындаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз