Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Солтүстіктің аязы көліктердің отынын қатырып, орта жолда қалдыруда

Өткен демалыс күндері облыс трассаларында 6 ауыр жүк тасымалдайтын көлік тұрып қалды.  «Вольво» көлігінің тежегіш жүйелері істен шығып, Аққайың ауданының Рублевка ауылы маңында тұрып қалған. Электр құрылғыларын тасымалдаған Қостанай облысының 56 жастағы тұрғыны Қызылжар ауданында қалып қойған. Оның дизельдік отыны қатып, жүре алмаған. Дер кезінде көмекке келген полиция патрульдері қайғылы оқиғаның алдын алды.

Тәртіп сақшылары көліктерге жанармай құйып, оны қыздыруға көмектесті.

«Қатты аяз кезінде жол бойында қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін полиция жолшыбай өткен жүргізушілерден трассадағы жай-күйді сұрауда», – деп атап өтті ІІД жергілікті полиция қызметі батальонының командирінің орынбасары Жанат Сұлтанов.

Демалыс күндері солтүстік аумақта ауа-райы көрсеткіші 36 градусқа дейін төмендеді. Бүгін Петропавлда 30 градус аяз. Дегенмен ауа-райы болжамы мамандары Қазақстанда жақын күндері ауа температурасы көтеріледі деп болжауда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз