Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Солтүстік Кореядан ес-түссіз күйде қайтарылған АҚШ студенті жан тапсырды

Ықпалды сенатор Бен Кардин Солтүстік Корея режимін “тағылық әрекетін жалғастырып отырғаны” үшін жауапқа тарту қажетін мәлімдеді. “АҚШ өз азаматтарының жау елдерде қаза тапқанына төзе алмайды” деді сенатор Джон Маккейн.

Отто Уормбьердің қазасын екі күннен соң Вашингтонда кездесетін АҚШ пен Қытайдың сыртқы істер және қорғаныс министрлері талқылайды деген болжам бар. АҚШ Отто Уормбьер Солтүстік Кореяда қамауда отырғанда оған не болғанын анықтау үшін Қытайдың көмегіне жүгінбек ниетте.

Америкалық бірнеше конгресмен америкалықтардың Солтүстік Кореяға туристік мақсатта баруына тыйым салып, лицензия арқылы ғана сапарлайтын ереже енгізуді ұсынды,

Вирджиния университетінің 22 жастағы студенті Отто Уормбьерге 2016 жылы наурызда 15 жыл мәжбүрлі еңбекке жегілу жазасы кесілген еді. Ол Солтүстік Кореяда болғанында қонақүйде қабырғада ілініп тұрған саяси плакатты жыртып тастағаны үшін қамалған. Уормбьердің соты бір-ақ сағат болған. Содан бері оны көпшілік алдына шығармаған. Уормбьердің не себепті комаға түскені әзірге белгісіз. Америкалық дәрігерлер Солтүстік Корея билігінің Уормбьер ботулизммен ауырып комаға түсті деген ресми тұжырымын жоққа шығарады. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Вашитнгтон Уормбьердің қазасына жауап шаралары ретінде Пхеньянға жаңа санкциялар салуы мүмкін.

Дереккөз: Азаттық

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз