Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Солтүстік Қазақстанда орманда той жасаған әкім жұмыстан қуылды

Ауыл әкімі жұмыс уақытында өзінің жаңа қызметін “жуған”. Дегенмен бұл кезде ол тіпті арнайы тексерістен де өтпеген екен, қонақтарды күту үшін өзімен бірге қол астындағы қызметкерлерді де еріте кеткен.

“Шәкенов биылғы жылдың 21 қарашасында арнайы тексерістің қорытындысы бойынша жұмыстан қуылды. ҰҚК СҚО бойынша департаменті Шәкеновтің дипломы жалған болуы мүмкін екенін анықтады. Іс Есіл аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Ол органдарда 14 жыл жұмыс істеген”, — деп түсіндірді әкім.

Айта кетейік, аудан әкімінің өзі тергеу кезінде осы іске қатысты жазбаша жауап беруден бас тартқан. Сондай-ақ кеңес барысында есілдік мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі фотосуреттеріне талдау жасалды.

“Міне қараңыз, сыраның бөтелкесіне қатты ұқсайды. Бұл оның жұмыс үстелі”, — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы  Ғалым Тұрсынбаев.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішевті қол астындағы қызметкерін қорғаштады деп айыптады.

«Әкім 4 жылдан бері жұмыс істейді. Осындай қызметкерлерді шығарып отыр. Олар бірін-бірі қорғаштап жатқанын көріп отырмыз. Жағдайды түсіндіруден неге бас тартасыз?», — деп шүйлікті ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз