Солтүстік Корея. Бұл мемлекет туралы ақпаратты жұрттың бәрі қызығып оқиды.
Көбінесе Солтүстік Кореядағы кедейлікті сөз етіп, суреттері жарияланып жатады. Бірақ оларда да байлар бар екен.
Кәдімгі елдің элитасы. Олардың тіршілігі қандай екенін көріңіз!
Элита негізінен Пхеньян, Чхонджин, Вонсан және Хамхын сияқты дамушы қалаларда тұрады
Байлар төрт орындық шағын ұшақтармен ұшады
Атқа міну – байлардың ермегі
Солтүстік Корея халқының шамамен 13-15 пайызы ұялы телефон ұстайды
Пхеньянда кейде Audi A6 кездеседі
Элита халықтың 10 пайызын құрайды. Бұл социализм идеясына сәйкес келмесе де, бай-манаптар ақырындап көбейіп келеді
Мына жігіттер сандық фотоаппарат ұстап тұр. Қымбат заттар бұл елге Қытайдан келеді
Далматин дейтін қымбат ит ұстайтын отбасы
Ұялы телефон. Сенсорлық экран!
Adidas киген ер адам
Қымбат костюм киіп, сәнді сөмке ұстайтын бизнесмен
2009 жылғы ақша реформасынан кейін Солтүстік Кореяда орта тап пайда болға бастаған
Пхеньянда жекеменшік алты такси қызметі бар. Олар ақшаны жергілікті валютамен емес, доллармен алады
Солтүстік Кореяда люкс брендтеріне жататын тауарлар да сатыла береді
Кәсіпкерлер халықтың 2 пайызын ғана құрайды
Қалған халық әлі де кедейшілікте өмір сүруде