Сәрсенбі күні Солтүстік Корея сүңгуір қайықтан баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Зымыран елдің шығыс жиегінде орналасқан солтүстік кореялық субмаринадан Жапонияға қарай жіберілген.
Америкалық және оңтүстіккореялық қолбасшылықтың мәліметі бойынша, зымыран 500 шақырым қашықтыққа ұшып, суға құлаған. Сынақ Солтүстік Кореяның суасты зымыранын жасауда ілгерілік барын көрсетеді деп жазады Reuters ақпарат агенттігінің оңтүстіккореялық өкілдігі. Екі рет жүргізілген сынақта да зымыран бірден суға құлаған.
Екі күн бұрын АҚШ пен Оңтүстік Корея жыл сайынғы бірлескен әскери жаттығуын бастады. Мұны Солтүстік Корея елге басып кіруге әрекет етіп жатыр деп айыптады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жазған хатында Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР-ға ядролық соққы беруге дайындалып жатыр деген.