Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Солтүстік Қазақстанда жаңа элекватор іске қосылды

133

Надежда Золотых, зертхана меңгерушісі:

– Құралға 250 грамм бидай салдық. Оның қорытындысы 3 минутта дайын болады. Мәселен, мына өнімнің ылғалдылығы – 12,9, ақуызы – 12,1, ал желімтігі – 21,6. Бұл 4-сұрыпқа жатады. Элеватор – инвестициялық жоба. Оның құрылысына 2 млрд теңге жұмсалған. Кешен ауысымына 5 мың тонна астық кептіре алады. Дәнді дақылдар түрік технологиясы бойынша құрғатылады. Бар жұмысты бір-ақ адам басқарады.

Андрей Степура, элеватордың басқарушысы:

– Элеватор пульт арқылы басқарылады. Барлық бұйрықты беретін – бір-ақ адам. Қабылдау, тазарту, кептіру жұмыстары автоматты түрде жүзеге асады. Элеватор тура теміржолдың бойында орналасқан. Сондықтан шаруалар астықтарын сақтап, кептіріп қана қоймай, оны Орта Азия елдеріне жөнелте алады. Элеватор диқандар қауымының қуанышына айналды. Қазір мұнда күніне 40-50 жүк көлігі келіп, астық тапсырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз