Қызылжар полициясы 87 жастағы зейнеткерге іздеу жариялады. Ол өзінің мекен-жайын ұмытып қалып, үйін таппай қалуы мүмкін.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Денисов Григорий Тимофеевич 1929 жылы туылған. Қысқа жеңді шақпақ ақ жейде, қара түсті трико, қошқыл ақ түсті жаздық бәтеңке киген. Бойы – шамамен 165 см.
Қазір облыстағы барлық полиция бөлімшелеріне зейнеткерге қатысты толыққанды мәлімет пен нұсқаулық жөнелтілді. Зейнеткер туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефонға хабарласу сұралады: 8(7152)34-01-82, 8(71538)2-17-02, 8-«7152)-39-41-79 немесе 102.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысынан 80 адам із-түссіз жоғалған. Полициядағылар зейнет жасындағы адамдардың жоғалуы да көп кездесетінін айтады.
Мысалы, 14-тамызда Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының бірінші бөлімшесіне 85 жастағы қарияның жоғалып кеткендігі туралы арыз келіп түседі. Бірден қала ішінде іздеу жүргізіліп, таңертең кейуана табылған. Белгілі болғандай, ауладан шыққан кейуана үйіне қайтар жолды таппай қалған екен.