Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Солай ма?”. Латын әліпбиіне қатысты өте қызық бес сауал

180

Енді мұның бірнеше себебі бар. Алғашқысы: біз дыбысты диграфтардың көмегімен береміз. Халықаралық тәжірибе бұл. Неміс тілінде де, ағылшын тілінде де бар бұл жүйе. Кейінгісі:

нәтижесінде, диграфтардың көмегімен берілетін дыбыстардағы  әріп саны азаяды, олардың жанынан арнайы белгілер қойып, әуре болмаймыз.

Үшіншісі: осының арқасында, қазақ тілін игеру жеңілдейді.

Дыбысты диакритикалық белгілермен таңбаласақ, олармен қапталдасып жүретін арнайы белгілерді ойлап табуға мәжбүр боламыз. Бұл қазақ тілін үйренуді қиындата түспесе, жеңілдетпейді.

Үшінші сауал

Жаңа әліпби қандай да бір сынақтан өтті ме? 

Өтті. Қарттардың, жастардың, мемлекеттік қызметкерлердің талқысына ұсындық. Жақсы қабылдады. Жатырқаған жоқ…

Әсіресе, жастар бірден игеріп әкетті. Ал аға буынға біраз дайындық керек. Жалпы, жаман емес.

Жаңа әліпбиге қатысты ой-пікірлерді топтастырған отырыстарды санамалап шықсақ, он сауқсақ түгел бүгіледі.

Төртінші сауал

Кейбір дыбыстарды екі әріппен таңбаламақ екен. Мәселесін, Ш дыбысын SH («эс эйч»), Ж дыбысын ZH («зэт эйч») жазу ұсынылып отыр. Бірақ, бүйтеміз деп, басқа түркі тілдерінен жырақтап кетпейміз бе? Білсек, түріктер, әзірбайжандар бұларды  (дыбыстарды) бөлек-бөлек жіктеген. Бізге неге сөйтпеске?

Қазақ тіліндегі әрбір дыбысқа жеке-дара таңба ойлап тапсақ, түркітілдес көршілеріміз тілімізді түсінуден қалар еді. Мұнымыз қателік болар еді.

Жаңа әліпбиді жасақтарда дыбыстауға келгенде, жалпыға ортақ әрі кең таралған тәсілді пайдалағанымыз сондықтан. Аспаннан алған жоқпыз. Халықаралық тәжірибеде бар. Қолданыста жүр.

Куәлігіңізге қараңызшы. Ж мен Ш дыбыстарын онсызда  SH («эс эйч») және ZH («зэт эйч») таңбалап жүрген жоқпыз ба?

Ы дыбысын әуелден У (“уай”) арқылы береміз. Мұндай мысал жетіп жатыр. Айттық қой, аспаннан алмадық. Біз ойлап тапқан жоқпыз. Бұрыннан бар.

Түріктер де, әзірбайжан бауырлар да SH («эс эйч»), ZH («зэт эйч») диграфтарын немесе Ы дыбысын У  (“уай”) арқылы  беруге болатынын жақсы біледі. Иә, бұдан келіп, сөз көбеюі, сөйлем ұзаруы мүмкін. Қиыншылығы сол ғана. Бастысы, басымдығы бар. Пайдалануға, оқып-тоқуға қолайлы.

Қазақша білетін кез-келген адам ендігі жерде клавиатурадағы белгілерді ауыстырып әуре болмайды.

Бесінші сауал

Ағылшын тілі ше? Қазақ тілінің кейбір әріптері мен дыбыстары ағылшын тілімен үйлесе бермейтіні белгілі. Бұл оқушыларға қиындық туғызбай ма? Латын әріптерін қазақ дыбыстарына ыңғайлауда нақты қандай кедергілермен бетпе-бет келуіміз мүмкін?

Былай ғой… Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның жұмыс тобы ұсынған латын әліпбиінде бұл мәселе толық ескерілген, негізінде. Бұл үлгіде қазақ тілінің өзіне тән әріптері мен дыбыстары толық қамтылған. Сосын, қазақ тілімен, ағылшын тілімен де әдемі үйлесіп тұр. Латын әліпбиінің әріптері қазақ тілінің дыбыстарына сай. Ағылшын тілінде кездеспейтін қазақ тілінің бірқатар дыбыстарын таңбалау үшін h әріпін дауыссыздардың, е әріпін дауысты дыбыстардың қатарына қостық.

Тоқ етерін айтайықшы. Қазақ тілінің өзіне тән ешбір дыбысы қалыс қалмады. Ұмытылмады. Қамтылды. Ескерілді. Олар айтуға да, оқуға да ыңғайлы.

Осының арқасында, қазақ тілін ағылшын тілімен қатар үйренуге мүмкіндік алады көпшілік.

Мемлекеттік тілдің жазбаша нұсқасын модернизациялаудың негізгі мақсатының бірі осы еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз