Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Солай боп қалды…”. Мұрат Қожа алғашқы некесінің неге сәтсіз аяқталғанын түсіндірді

– дейді Мұрат Қожа.

Әнші өзінің екінші отбасы туралы да айтып өтті. Екінші жұбайымен айтарлықтай жас айырмашылықтары бар екен.

«Өз адамымды жолықтырдым. Ол адамды сүйіп жақсы көргендіктен, үйлену туралы ұсыныс жасадым. Оның үстіне отбасын құруға дайынмын. Енді қателікке бой алдырғым келмейді. Соның барлығын ақылға салып шештім. Екінші жұбайым екеуіміздің арамыз 11 жас», – дейді ол.

Ал психолог Марал Сарбасқызы өз кезегінде ақыл тоқтатқан шақта ғана отбасын құруға кеңес берді.

«Адам баласында отбасын құру үшін іштей дайындық болуы тиіс. Мінез 24 жаста толық қалыптасып тоқтайды. Қыз бала ер азаматқа қарағанда физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағынан тез дамиды. 18 немесе 24 жаста тұрмысқа шық деп айта алмаймын. Жасы 18-де болса да, көзқарасы 25-тегі жанмен бірдей болатын адамдар бар. Кейде қырыққа келген адамдар он сегіз жастағыдай жүреді. Ал мен айтып отырған іштей дайындыққа отбасы, физиологиялық қалпы, сана-сезімі және қоршаған орта үйретеді. Біздің қоғамда 24 жасқа дейін тұрмысқа шықпаған қызды “кәрі қыз” деп атайды. Осы кезден бастап қыз бала мен тұрмысқа шығуым керек деп жанталасады. Белгілі бір комплекс пайда болады. Өзінің қажеттілігін өтеу үшін емес, қоғамның сценарийімен жұмыс істеп кетеді. Өзінің қажеттілігін ұмытқан адам өзгенің қажеттілігін өтейді. Осы сәтте ішінде іштей қақтығыс пайда болып, балаларына, жолдасына көңілі толмайды», – дейді маман.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз