Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Сол дәрежеге жетіп ал!”.91 тобын мазақ қылған Тұрсынбек Қабатов “иглздарға” жақпай қалды (видео)

189

Дәстүрлі әнге жастардың қызығушылығы жоқ екендігіне қынжылды әзілкеш.

“Мен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Конгресс – холлда 25 жылға 25 дәстүрлі әнге арналған керемет ән кеші болды. Сол кешке мені қонаққа шақырды. Сол жастарды жаңағы концертке әкелді ғой. Бір сыныптың оқушыларын бір қатарға отырғызып, ана балалар шығып кетпес үшін  екі басына екі мұғалімді қаратып қойыпты. Балалардың түрлеріне қарасаңыз көңілдері толмай отырғаны білінеді. Ана екі мұғалімнің үстінен мектептің директоры, мектеп директорының үстінен департамент директоры қарап отыр. Біздің патриоттық әндерге деген тәуелсіздік жастарының қызығушылығы жоқ”,- деді ол.

Видеоны көрген топ жанкүйерлері Тұрсынбектің сөзін сынға алып, мешітте туған күн тойлаған Қарақатты неге айтпайсыз деді.

“Тұрсынбек кімге әлі келеді, соны келемеждейді. Сын айтса өнер жұлдыздары көп қой. Мысалы, Қарақаттың мешітте жын ойнақ жасағаны, жас қыздардың үйлі -баранды еркекке тоқал болуы”, “Сіз сол дәрежеге жетіп алыңыз”, ” 91-дің əндерін тыңдап көп жасөспірімдер қазақ тілінде сөйлеуді бастады, тіпті шетелдік тыңдармандарыда қазақ əндеріне қызығып жатыр, елімізде музыканы дамытып жаңа бағытта жұмыс жасап жатқан топ қой. Олардың шашында да киімінде де тұрған ештеңе жоқ”,- деп жазған желі қолданушылары.

Ал сіздің бұған деген ойыңыз қандай?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз