Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Соғымнан басқа ойларың жоқ па?”. Танымал депутат Құлагердің атын қайта жаңғыртқалы жүр

155

Abai.kz сайтында жарық көрген мақалада халық қалаулысы “қазақтың қазанат жылқысы біздің ұлттық қазынамыз емес пе?”  дегенді айта келіп, жылқы екеш, жылқыны ұлттық брендке айналдыру мәселесін көтеріпті. 

“Иә, солай. Мысалы, кешегі түйенің қомында көшіп- қонып жүрген Араб әмірлігі бүгінде түйе жарысын  мыңдаған туристер тамашалайтын   жарысқа, ұлттық мейрамға айналдырған.

Ал, Моңғолияда  «Шыңғысханның ізімен» атты мың шақырым 10 күндік «Моңғолия дербиі» ұйымдастырылған. Биыл, оған  әлемнің 15 елінен 400-ге жуық шабандоз қатысқан.

Сондай-ақ, Австралияда  «Мельбурн кубогы» бар болса, Америкада «Кентуки Дербиі» өткізіледі. Ұлыбританияда  «Королевский Аскот», Араб әмірлігінде «Дубай әлем кубогі»,сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ал,  көрші Түркіменстан атақты ақалтекесін насихаттау мақсатында арнайы министрлік те құрып тастады”, – дейді депутат.

Негізі, дұрыс айтады. Бірақ, сөз көп қой бізде. Ұсыныс та көп. Соның қайсысы жүзеге асты? Жылқы жануардың ұлттық бренд атануға қарсылық жоқ-ау, бірақ қазіргідей алмағайып уақытта бұл жобаны кім жасайды, кім атқарады? 

Депутат Дүйсенбинов те осындай сауалды көлденең қойыпты. 

“Бүгінде үлкен жарыстарда топ жарып бәйге алып  жүрген тұлпарларымыздың түгелге жуығы ағылшынның асыл тұқымды немесе басқа да шетелдік  жылқыс екені жасырын емес.

Сонда ұзаққа шабуға шыдамды, күндік жерден алқынбай жететін қазақтың асыл тұқымды тұлпарлары қайда қалды?

Шынтуайтына келгенде қазақи жылқы біздің ұлттық брендіміз болуы тиіс емес пе? Сонда өз жылқымыздың абыройын асқақтатуға, тұқымын сақтап қалуға не кедергі? Әлде қазақтың қасиетті жылқысы қара қазанда қайнататын қазы мен қарта үшін ғана қажет пе?

Осы ретте өзіміздің қазақи жылқының жоғарыда аталған әлемдік брендтер қатарынан лайықты орын алуы үшін не істеу керек деген сауалдың көлденең шығатыны рас” дейді депутат Дүйсенбинов.

Халық қалаулысы бұл арада мынадай ұсыныс айтыпты:

“Қазақша күрестің «Қазақ барысы» жобасы секілді, тұлпарларымыздың артықшылығы мен ерекшелігін,шыдамдылығын әлемге танытатын күндік бәйге  ұйымдастырылуы керек!  Ол ұзақ қашықтыққа, тек қазақи жылқы ғана шыдас беретін 100-150 шақырымға дейін шабыстан болуы тиіс. Бұл жарысты

Қазақстан аламаны, Алаш аламаны, Құлагер кубогі деп те атауға болады”.

Мұнысын бергі жағы қалталы азаматтарға, арғы жағы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұқамедиұлына қарата айтқан бұйымтайы деп білдік. 

Депутат сөзін әрі қарай да шегелей түсіпті.  

– Кешегі Құлагердің құлаған жері, Ерейментаудан Астанаға дейінгі қашықтық дәл осы 150 шақырымды құрайды.

Қазақ тұлпарының символы болған Құлагердің атын қайта жаңғыртып Ерейменнен шыққан бәйгелер ел ордасы Астанаға ат басын тіресе керемет емес пе?

Және де бұл бәйге жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылса «Ұлы дала Аламанына» алыс-жақын шетелдік шабандоздардың өздері-ақ қатысуға ниет білдірер еді. Қазіргі бәйгелерге атын қоса алмай, мыңдаған доллар тұратын асыл тұқымды ағылшын аттарының көлеңкесінде қалып жүрген  қазақ атбегілері мен шабандоздары үшін бұл  үлкен мүмкіндік болар еді, – депті депутат. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз