Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

«Астана Опера» театры депутаттардан көмек сұрады

Пономаревтің айтуынша, айлықтың аздығынан өнер жұлдыздары театрдан кетуге мәжбүр. Тек 2024 жылдың өзінде театрдан 100-ден астам музыкант, артист, инженер мен шебер кеткен. Ал кәсіби мамандарды алмастыратын адам жоқ.

«Мысал ретінде айтайын, хор солистері мен әртістері әр опералық спектакль үшін итальян, француз тілдерінде 300 бетке жуық музыкалық материал жаттайды. Ал балет әртістері сахнаға шығып, өнер көрсету үшін 10 жылдан астам оқып, күн сайын 8-10 сағат дайындалады. Бұл өте ауыр еңбек, ең жоғары еңбекақыға әбден лайық. Елдің ең басты сахнасының проблемасына назар аударуды сұраймын. Біз олардың өнерін тамашалау үшін билетті әрең табамыз, ал артистер шын мәнінде жұтап жүргенін білмейміз», – дейді мәжілісмен.

Қазір театр артистерінің жалақысы басқа республикалық немесе ұлттық театрларға қарағанда минимум 1,5 есе төмен. Пономарев театр артистерінің айлығын көтеру мәселесін шешуге 1,5 млрд теңге қажет екенін айтты. Осыған байланысты «Amanat» партиясының фракциясы Үкіметтен «Астана Опера» театрының барлық қызметкерінің жалақысын 30 пайызға көтеруді сұрады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз