Абай облысының тұрғыны жигулидің салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Бейнеден екі сиырдың көліктің артқы орындығына жатқанын көруге болады.
35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.