Сочи-Алматы рейсі 5 сағат 20 минутқа кешікті. Бұл мәселе алдымен әлеуметтік желіде көтерілді. Кейіннен SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі бұл ыңғайсыз жайтқа қатысты хабарлама таратты.
Әлеуметтік желі парақшаларында Сочидегі қазақстандықтар 7 сағаттан бері әуежайда қалып, елге қайта алмай отырғаны хабарланған болатын.
«Басында, «Алматы-Ақтау» рейсін кешіктірді, сосын сол ұшақты Бакуге ұшырып, кейін Ақтауға қайтарды. Енді егер оны басқа рейстердің орнын толтыру үшін өзге қалаға ұшырып жібермесе, осында келуін күтіп отырмыз», деп жазды Сочидегі қазақстандықтар Интернеттегі желі парақшаларында.
«Рейс ұшақтың кеш баруына байланысты кешіктірілді. Ұшақ 20 минут бұрын Қазақстанға ұшып шықты. Барлық кешіккен уақыты 5 сағат 20 минут», деп хабарлады әуежай өкілі.