Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Соғысып жүр!”. Қадыров шешен әскерилерінің Сирияға жіберілгенін растады

Желтоқсанның басында “Известия” және “Коммерсант” басылымдары қорғаныс министрлігіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, “шешен арнайы жасағының” екі батальоны Ресей әскерилері мен авиациясы орналасқан Сирияның Хмеймим әуе базасын күзетуге жіберілгенін хабарлаған. “Кавказ. Реалии” жобасы Ханкаладағы Ресей базасынан Сирияға жөнелтілуге дайындалып жатқан арнайы жасақ сарбаздары делінген видео жариялаған.

Кейін “Новая газета” басылымы жағдаймен таныс дереккөзіне сілтеме жасап, Шешенстан билігіне Сирияға жөнелтетін екі батальон құруға тапсырма берілгенін, ал оған жауапты адам ретінде Мемлекеттік дума депутаты Адам Делимханов тағайындалғанын хабарлаған. Қаңтардың басында басылым шешен әскерилеріне арналған Сирияға қатысты құрлықтағы операциялар кезінде орындау қажет кеңестері бар кітапша жариялаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз