Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Соңғы 5 жылда Қазақстанда 64 экстремистік актінің алды алынған

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді.

«Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде террористік және діни-экстремистік қылмыс жасағаны үшін 445 адам сотталды. 2016 жылдың басынан бері 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тергеу изоляторында 50-ге жуық адам отыр», – деді Білісбеков.

2011 жылдан бері экстремистік акцияларға әзірлену кезінде 64 зорлық-зомбылық актісі тоқтатылды, ал 2016 жылы осындай 9 факті ауыздықталды.

Оның айтуынша, халық көп жиналатын орындарда, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың нысандарында террористік шабуылға жол берілмеді.

«Ауғанстан, Сирия, Ирактағы халықаралық террористік ұйымдардың лагерлерінде қарулы қақтығыстар басталғаннан бастап, сол елдерге Қазақстанның 45 азаматы жер аударған. Оның 33-і өздігінен елге оралды. Олар террористік әрекетке қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз