Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Словенияда Қазақстан мен Еуроодақ арасында визалық режимді жеңілдету сөз етілді

101

Осыған байланысты Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, сонымен қатар шиеленісті жағдайларды саяси және дипломатиялық тәсілдер арқылы бейбіт жолмен шешуге елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Қазақстан дипломаты Астананың шиеленіс аймақтарындағы мәселелерді халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес ықпалды халықаралық тетіктерді қабылдау арқылы бейбіт жолдармен шешуді қолдайтынын баса айтты. Қазақстанды әлемде өңірлік медиатор ретіндегі рөлін жоғары деңгейде мойындауы біздің еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастамасын әлемдік қоғамдастықтың қолдауы болды.

«Президентіміздің бітімгершілік негізінде оның жеке көзқарасы мен ұстанымдары арқау болады. Оның күш-жігерінің арқасында әртүрлі елдер арасындағы қарым-қатынастардағы шиеленістер азаюда»,

деді Роман Василенко.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке медиациялық жігерінің арқасында 2016 жылы Ресей мен Түркия көшбасшылары арасындағы қарым-қатынас қалпына келтірілді және 2017 жылдың басынан бастап Сирия бойынша Астана процесі іске қосылды.

Осы ретте, Астана келіссөздері жиынға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан дипломаты қазіргі кезге дейін ұйымдастырылған келіссөздердің он раундының басты жетістігі – жауынгерлік әрекеттерді тоқтату тәртібін үш жақты бақылау тетігін орнату, Сириядағы шиеленісті әлсіреті аймақтарын құру, сондай-ақ ұсталғандармен алмасу, қаза тапқандарды тапсыру және хабарсыз кеткен адамдарды іздеу бойынша жұмыс топтарының құру екендігін атап өтті.

Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар туралы жалпы айта келе, дипломат Қазақстан өңірдегі барлық акторлар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты дамытуды жақтайтынын, өткен «үлкен ойынға» қарағанда «барлығы үшін үлкен ұтыс» парадигмасының нақтылығы мен артықшылығына сенімді болып отырғанын атап өтті.

Еуропа Одағы Қазақстанмен одан әрі ынтымақтасқысы келеді

Отырыс оған қатысқан барлық мемлекеттердің өңіраралық өзара іс-қимылға және ұсынылған форматтағы белсенді диалогты жалғастыруға, Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға үлкен қызығушылығын танытты. Иран ядролық бағдарламасы бойынша көп жылдық келіссөздерге тікелей қатысқан Еуропа сыртқы іс-әрекеттер қызметінің (ЕСВД) Бас хатшысы Хельга Шмид панельдегі өз сөзінде «алты қосу бір» форматында халықаралық топтың келіссөздерді жүргізудегі, сондай-ақ Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (БКҚЖ) имплементациялаудағы ҚР сындарлы рөлін атап өтті. Бұл ретте, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді қоса алғанда, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде Еуропа Одағының Қазақстанмен және өңірмен одан әрі сындарлы ынтымақтастығының әлеуеті туралы атап өтілді.

Форум аясында Роман Василенко мен Хельга Шмид арасында және бірқатар Еуропа және Азия елдеріндегі әріптестерімен екіжақты кездесулері өтті. Еуропа сыртқы байланыстар қызметі басшысымен ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері, оның ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету перспективалары, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас бойынша ЕО жаңа стратегиясын әзірлеу барысы талқыланды.

  • Блед стратегиялық форум (БСФ) 2006 жылы Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропа бойынша саясат, қауіпсіздік және экономикалық даму саласындағы қазіргі заманғы мәселелерді талқылау үшін түрлі салалардағы басшыларды тарту, сондай-ақ оларды шешудің жаңа жолдарын табу мақсатында 2006 жылы құрылды. Осы жылы Словения үкіметі ұйымдастырған басты сыртқы саяси халықаралық іс-шараға 70 елден 1200-ден астам қонақ қатысты, оның ішінде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары, сыртқы істер министрлері, саясаткерлер, сарапшылар, БАҚ өкілдері және басқалар.
  • БСФ-ті ұйымдастырушылар – Словения Республикасының Үкіметі, Сыртқы істер министрлігі және Еуропа перспективалар орталығы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,

Блед стратегиялық форумы әділ және демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастыру үшін идеялармен бөлісу алаңдарының бірі болып табылады.

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігіның ресми сайты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз