Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
10
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Sky Sports комментаторы: 5 жылдық карьерамда Лондонда мұндай бокс жекпе-жегін көргем жоқ

Журналист сонымен қатар осы кездесуге қатысты өзінің жеке пкірін білдіріп, Геннадий Головкин әлем деңгейіндегі кәсіпқой бокстың феномені екенін тағы дәлелдеді деп отыр.

«Орта салмақтағы IBF, IBO және WBC чемпиондығын қорғап қалу бойынша өткен жекпе-жекке қатысты жеке пікір айтар болсам, Геннадий бес-ақ раундқа созылған бәсекенің басында ауыр қозғалғандай, денесі ашық қалғандай көрінді. Үшінші раундта апперкот жіберіп алғанда мазасыздана бастадым. Бірақ қайталаудан көргенде Келл Бруктің соққысы таза шықпағанын, сол себепті Геннадийді есеңгірете алмағанын байқадым. Меніңше, алдыңғы қарсыластарымен салыстырғанда Брук Головкинге бірнеше өтімді соққы жасай алды. Бірақ қуаты аз соққылар ма деймін. Геннадий жекпе-жектің соңында берген сұхбатында «Сезген де жоқпын» деп жауап берді. Расында да солай сияқты. Бесінші раундта Головкин джеб пен кросты қойып, хук пен свингке көшті. Сырт көзге қимылы баяу көрінуі мүмкін, бірақ Геннадий темір машина сияқты боксшы. Көз алдыңызға ақырын ғана айналып тұрған алып болат коленвалды елестетіңізші. Алдына қойған затты баяу ғана сипап өткендей болады, бірақ шын мәнінде жаншып, майырып жібереді. Головкиннің қолдары сондай коленвал сияқты. Тиген жерін ойып түсіреді. Оған бүгін Лондондағы O2 Аренаға жиналған һәм тікелей эфирге көз тіккен жанкүйерлер тағы бір куә болды. “Оң көзімнің асты жырылып кетті, әйтпесе 12 раунд бокстасушы едім” деп жатты Брук. Оған біз де, жергілікті жанкүйерлер де сенгендей түр жасадық:) Әділін айту үшін Келл Бруктің GGG-мен жұдырықтасу үшін жартылай орта салмақтан орта салмаққа өткен жүректілігін атап өту керек. Ал Геннадий Головкин әлем деңгейіндегі кәсіпқой бокстың феномені екенін тағы дәлелдеді. Жеңіс құтты болсын!», – деп жазады журналист.

Дереккөз: baq.kz

20160911071138

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз