“Эхо Москвы” радиостансасының “Особое мнение” бағдарламасының қонағы болған орыс жазушысы Михаил Веллердің ашуланып, тілшіні масқаралаған видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Видеода журналист Ольга Бычкова жазушы сөзін қайта-қайта бөле береді. Жазушы оған ескерту жасап, бұл мәдениетсіздігін жалғастыра берсе, қарап қалмайтынын ескертеді. Бірақ тілші өз дегенінен қайтпайды.
Ақыры сөзі өтпеген соң жазушы іске кіріседі. Ол алдындағы микрофонды жұлып алып, лақтырып жібереді. Алдында кружкада тұрған суды журналисттің бетіне шашып жіберіп, артынан іле-шала ыдыс та кетеді. Ашулы Михаил Веллердің аузынан: “Скотина тупая” деген бір-ақ ауыз сөз шығады.
Кейіннен жазушы БАҚ өкілдеріне бұл жайтты түсіндіру кезінде “Эхо Москвы” радиостансасының ресми кешірім күтетінін айтыпты.