Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Скляр Қазақстанның ресейлік вакцинаны сатып алу ниетіне қатысты пікір білдірді

112
Р. Скляр. Сурет: ©kursiv.kz

Склярдың айтуынша, келісім Қазақстанның вакцинаны сатып алу ниетін білдірді, бірақ белгілі бір шешім әлі қабылданған жоқ.

«Біріншіден, Гамалея атындағы Ресей вирусология институты алғашқылардың бірі болып вакцинаны тіркегенін атап өткім келеді. Біз Ресей Федерациясындағы вирусологияның  ғылым ретіндегі деңгейінің жоғарылығын мойындаймыз. Сондықтан 24 тамызда біз үкіметтік делегация құрамында алдын ала келісімге қол қойдық, —

деген Склярдың сөзін inform.kz келтіреді. —

Құжатқа сәйкес Ресей Федерациясы сынақтың үшінші кезеңінен өткеннен кейін вакцинаны алғашқылардың бірі болып Қазақстанға сатуға міндеттеледі. Қазір сынақтың екі кезеңі өтті.

Барлық тиісті сынақтардан өткеннен кейін оны сатып алу туралы шешім қабылданады. Бұл келісім –  барлық қажетті процедуралар өткізілгеннен кейін оны сатып алу ниеті мен мүмкіндігі».

Ресейлік вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі қыста аяқталады деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз