Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы індетіне байланысты құстардың жаппай қырылуы жалғасуда.
— Кеше кешке 180 мыңнан астамы қырылды, бүгін 30-40 мыңға жететін шығар. Аналық қаз қалмады. Бірнеше күннің ішінде ондаған мың құс қырылды, — деді құс фабрикасының өкілі Татьяна Костенко.
Кәсіпорында жаппай вакцинациялауға қаражат қарастырылмағанын атап өтті. Қыркүйек айының басында тек 15 мың аналық үйрекке екпе салынды. Вакцинаның бір мың дозасы шамамен 50 мың теңге тұрады, барлық құстарға екпе салу — фабрикаға артық шығын.
— Келесі жылы көктемде не болатынын тіпті елестетудің өзі қорқынышты, адамдар құс өнімдерінсіз қалады. Тауықтардың бір бөлігі аман қалса да, олар құс тұмауының тасымалдаушысы болғандықтан жоюға тура келеді. Бұл аймақтағы барлық құс фабрикасының жұмысы тоқтауы мүмкін. Біз үлкен апатқа тап болғанымызды түсінеміз: құс фабрикасында 170 адам жұмыс істейді, демек, 170 отбасыға қыстың алдында табыс көзінсіз қалу қаупі төніп тұр, — деп қорытындылады Костенко.