Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Өскеменде жоғалды деген оқушы қыз үйінен өз еркімен кеткен болып шықты

Алайда тәртіп сақшылары 15 жастағы Наталья Угольникованың алып қашу құрбаны болғаны жайлы оқиғаны ойдан шығарғанын айтады. Мектеп оқушысы үйінен өз еркімен кеткен, сөйтіп бірнеше күн бойы достарының үйінде болып, кейін отбасы ұрысады деп қорыққандықтан, біреулердің еркінен тыс ұстап отырғаны туралы оқиғаны ойлап шығарған.

“Наталья жауап алу кезінде сөздерінен шатасып, қатты састы. Ақыры оның оқиғаны ойдан шығарып отырғаны белгілі болды. Кейін ол ешкімнің де алып кетпегенін, үйінен өзінің кетіп қалғанын айтты”, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері.

Құқыққорғаушылар Натальяны үйіне жіберді.

“Тірі табылғанына қуанып отырмыз, енді өзімен жақсылап сөйлесеміз. Қаншама адам көмектесіп, елең-алаң болды, енді ұят. Соған қарағанда, ол құрбысының үйінде болған, кейін ұрыс естимін деп қорқып, осы оқиғаны ойлап тапқан. Мектепте проблемалары болып, барғысы келмеген шығар. Әлеуметтік желілердегі анкетасын өшіріп тастапты. Әрине, қазір отбасында осы мәселені шешеміз”, – деді мектеп оқушысының әпкесі Екатерина.

Еске салайық, Наталья Угольникованы туыстары, көмектесуге ерік танытқандар және полицейлер іздеген болатын. Оқушы табылғаннан кейін, оны біреулердің ұстап отырғанын, кейін жібере салғанын айтып берген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз