Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Өскеменде бұзылған екі жылу қазандығы қалпына келтірілді

Түнде Согра ЖЭО екінші қазандық агрегаты іске қосылды, пәтерлердегі температура режимі қалпына келтірілді. Сағат 4-те қазандық жөнделді. Жұмыс кешке дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Өскемен ЖЭО штатты режімде жұмыс істеуде. Толық қуатта 9 қазандық жұмыс істеп тұр. Бұған қарамастан, кәсіпорынды аралаған өңір басшысы қалыптасқан жағдайға көңілі толмады.

Даниал Ахметовтің айтуынша, жағдай нашар. Орамды гидравликада қазандықтар кенттің бірнеше үйін қатырып тастауы мүмкін.

– ЖЭО-ның ескірген жабдықтары да көңіл қуантпайды. Өкінішке қарай, екі ЖЭО-ның иесі болып табылатын америкалық компания жөнді жұмыс істемейді. Жөндеу жұмыстары мардымсыз жүргізілген. Олардың сапасы туралы айтқандары шындыққа еш жанаспайды, – деді әкім.

Өңір басшысы мәселені қатаң бақылауына алды. Қалалықтар ЖЭО жұмысының ақауынан зардап шекпеуі тиіс екенін атап өтті. Міндетін дұрыс атқармаған америкалық компания жауапсыздығы үшін жауап беретін болады. Бұл мәселе Қазақстандағы АҚШ елшілігіне хабарланады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз