Полиция полковнигі Дәуір Ыбыраев Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды.
ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, бұған дейін ол Шемонаиха аудандық жергілікті полициясын басқарды.
Дәуір Болатұлы Ыбыраев 1978 жылы Семей қаласында туған. 2000 жылы Бейсенов атындағы заң институтын тәмамдады. Оқуын аяқтаған соң бірден Семей ішкі істер департаментінің орталық полиция бөлімінде тергеуші болды, әр уақытта Семей қалалық ішкі істер басқармасы, ШҚО ішкі істер басқармасында аға жедел қызметкер болып қызмет етті. Бородулиха ауданы ІІБ басшысының орынбасары, басшысы болды. 2011 жылдан бастап Шемонаиха ауданы ІІБ басшысы лауазымын атқарды. Үйленген, екі қызды тәрбиелеуде.