Елбасы Қытай телебайқауынан жүлделі оралған әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақырып алып, батасын берген сәттің видеосы пайда болды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде Димашты бата берейін деп арнайы шақыртып алғанын айтты.
„Барлығы құтты болсын! Қолдаймын. Табысты бол! Өзіңнің еңбегің, бір жағынан, екінші жағынан, Құдай берген дауысың бар өзіңнің. Алла берген дауысың бар, соны сақтау керек.
Мен сені бата берейін деп шақырдым.
Аман-есен бол! Болашағың жарқын болсын!
Қазағыңа, еліне қызмет етуге Алла күш-қуат берсін! Талантың одан әрі өсе берсін! Мама-папаңа менен сәлем айт, көрсем, өзім де айтармын. Барлық жер шақырып жатыр. Ол үшін денсаулық керек.
Жақсы қуанттың бізді. Бақытты бол!„ – деді Елбасы.
Өз кезегінде, Димаш Қазақстаннан келдім деп әлемнің кез келген елінің есігін ашуға бұйыртқан, осы тәуелсіз елді танытуға үлес қосуда Елбасының еңбегі зор екенін айтып, өз алғысын білдірді.
https://kaz.365info.kz/birinshi-dimashpen-kezdestim-assambleya-zhiynyna-keshigip-kelgen-elbasy-osylaj-dedi-259962
– … Қытайда жүргенде байқаудан тыс үш награда алдым. Біреуі – жылдың үздік әні, екіншісі – халықаралық танымал әнші деген атақ, үшіншісі – Азияның ең танымал әншісі деген атақ. Голливудтық бір киноға саундтрек орындадым.
Болар істің алдын кеспе деп айтады ғой. Дегенмен Сіздің алдыңызда айтқым келіп тұр. Алда МТV да бір номинацияға ұсынғалы жатыр деп, естідім.
Өзімнің арманым – үлкен аренада жанды дауыста концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге демеу беріп жатқандарыңызға барлықтарыңызға үлкен рақмет!.
https://www.youtube.com/watch?v=HW-o6WjzvEM