Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сізді ұмытпаймын!”. Мирзиёев Кәрімовті мәңгі есте қалдыруға уәде берді

Өткен жылдың соңында Өзбекстан билігі Кәрімовке ескерткіш тұрғызуға конкурс жарияланған. Оның қорытындысы бойынша Ташкентте, Кәрімов туып-өскен Самарқанда, Қашқадария облысының жетекшісі болып қызмет істеген Карши қаласында ескерткіштер орнатылатын болған.

Мирзиёевтің жаңа қаулысы бойынша, Өзбекстанда жыл сайын 30 қыркүйекте Кәрімовтің туған күні тойланып, 2 қыркүйек Тұңғыш президентті еске алу күні деп жарияланады. Өзбекстан билігі мемлекеттік БАҚ-ты Кәрімовті еске алумен байланысты шаралардан хабар таратуға міндеттеді.

Өзбекстанды 1989 жылдан бері 27 жылға жуық уақыт басқарған Ислам Кәрімов 79 жасында қайтыс болды. Оның өлімі туралы алғашқы хабар 2016 жылы 29 тамызда шықты. Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы ресми түрде 2 қыркүйекте хабарланды. Каримовтің өлімінен соң президент міндетін уақытша сол кездегі премьер-министр Шавкат Мирзиёев атқарып, кейін ол президент болып сайланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз