Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Сіз білмейтін жыныстық қатынас дәстүрлері

773

15 жастағы қыздарға арналған үйшіктер

Камбоджаның Ратанакири провинциясында креунг тайпасы өмір сүреді. Жергілікті дәстүр бойынша, 15 жасқа толған жасөспірім қыздар өмірлік серіктерін біртүрлі тәсілмен іздейді екен. Әкелері өз қолдарымен қыздарына үйдің қасынан бамбуктен шағын үйшік салып береді. Оған қызы жігіт әкеліп, жыныстық қатынасқа кез-келген сәтте түсе алады. Болашақта күйеу болғысы келгендер саны шексіз, әрине жар табу оңай емес, мұны тайпа өкілдері жақсы түсінеді. Қанша жігітпен жатса, әйел соншалықты өзіне сенімді, мықты болады деп есептеледі. Осылайша қыз бала нағыз махаббатын тапқанша үйшікті пайдалана алады. Бұл тайпада ажырасу деген атымен жоқ және қыз зорлау деген де болмайтын көрінеді.

Бүгін менікі болады

Непалда бір әйелдің бірнеше күйеуі болуы қалыпты жағдай. Жергілікті заң бойынша, әйел адам ағайынды еркектерге тұрмысқа шығады. Елде халық саны тым көп, егістік, жайылымдық жерлер жетіспейді, сондықтан мұндай отбасында ағайындылар арасында жер телімдері өзара бөліске түспейді. Және бірнеше күйеуге бірігіп отбасын асырау оңай, яғни отбасының материалдық жағына алаңдаушылық жоқ. 1963 жылы мұндай некеге тыйым салынған еді. Бірақ, оған көңіл аударып жатқан ешкім жоқ, күні бүгінге мұндай некелер қатары сиреген емес.

Кіммен жатсам екен…

Индонезия тұрғындары жылына жеті рет «Пон» мерекесін тойлайды. Салтанатты мейрам Ява аралындағы қасиетті таудың етегінде өткізіледі. Онда мерекеге қатысушылар некеде тұрмайтын, танымайтын адамдармен түні бойы жыныстық қатынасқа түседі. Жеті мерекеде де бір адаммен болған қатысушының жолы болады деп есептеледі. Қатысушылар дәстүр жетістік пен байлық әкелетініне сенімді.

Мұндай сорақы салт-дәстүрлер бізге жетпесін, өздерімен кетсін дейік. Өзіміздің ұлттық салтымызға, тыйым, наным-сенімімізге жетер ештеңе жоқ.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз