Әнші әрі аткриса Сиви Махмұди сахнаға шыққан күнінен бастап жарнамаға жаны құмар екенін мойындап қойды. Сиви қанша елдің сынына іліксе де, PR-ды қорықпай жасай беретінін мәлімдеді.
Бұл туралы ол Hit Tv арнасына берген сұхбатында айтты.
«Өнер жолында болған соң қара PR деген бар, мен әрқашан да PR-ды жақсы көретін адаммын. Әсіресе, бұрын енді шығып жүрген кезде… PR-дан қорықпаймыз, өнер жолында жүргеннен кейін өнерге байланысты, қатысты дүниенің бәрін қорықпай жасау керек қой», – дейді Сиви.
«Екеумізді қосып жатса, әрине орынды. Енді біз түрткі беріп жатырмыз ғой. Ол да PR бір жағынан. Бірақ бізді қолдап жатқан жолдастарымыз бар ғой. Ол жағын, камераның ар жағында не болып жатқанын халық білмейді. Сол себепті айта берсін», – деп ағынан жарылды Махмұди.
Дереккөз: Stan.kz