Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сириядағы химиялық шабуыл: БҰҰ резолюциясына дауыс беруде Қазақстан қалыс қалды

Резолюция авторлары Сирияның ресми билігінен соңғы кездергі әуедегі барлық операция, ұшақ командирлерінің аты-жөні, олардың қандай әскери нысандармен байланыса алатындығы туралы барлық ақпаратты беруді талап етеді.

Алайда Ресей резолюция авторларының тергеу басталмай жатып, оған кінәлілерді анықтап, АҚШ-тың Сирияның Шайраттағы әуе базасына зымырандармен соққы жасауын заңды етіп көрсеткісі келгеніне баса назар аудартты.

Мәскеу бұл халықаралық құқықты бұзуда жасалған соққы деп санайды.

«Біз америкалық тарапқа улаушы зат қолданды деп болжанған Хан-Шайхунға және Шайрат әуебазасына барып, тексеру үшін, ең алдымен, тәуелсіз халықаралық сарапшыларды құрып алайық, оған қоса Узюмджю-дың бас директорына бірігіп өтініш жасайық деп ұсыныс айтқанбыз. Мемлекеттік хатшы Тиллерсон бұл мәселені қарайтынын айтқан, біз өз кезегімізде Вашингтон бұл ұсынысқа салмақты қарайды деп үміттенеміз», — деді Ресей өкілі.

Дауыс беруден соң АҚШ елшісі Никки Хейли Ресей тағы да Асад режимі жағына шығып кетті деп мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз