Синоптиктер 7-9 қарашада қазақстандықтарды қандай ауа-райы күтіп тұрғанын айтты.
Қазгидрометтің хабарлауынша, республикамыздың біраз бөлігінде тұман, көктайғақ болады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республикамыздың басым бөлігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман мен көктайғақ күтіледі.
Барикалық биіктік жыра мен атмосфералық фронттың жылдам өтуіне байланысты жауын-шашын, солтүстік аумақтарда қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болады және жел екпіні күшейіп, боран соғуы күтіледі.