Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Sinooil-дың қалай бензин “жейтіні” әшкере болды (видео)

Sinooil өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жанармай бекетінде механикалық қате шыққан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Ешқандай да алдау болған жоқ. Бұл – механикалық қателік. Онда шланганың ішіндегі шланга үзіліп кеткен. Пистолет істен шыққан. Бұл біздің қателігіміз, пистолеттің істен шыққанына жол бергеніміз қателік болды. Жанармай бекетінде ауысым болған шығар, содан қызметкерлер аппараттың істен шыққанын бір-біріне айтып үлгермеген болуы керек.

Оператор бұл құтыға бензинді қателіктен қосып жіберген. Бензин көлікке ішінара құйылды, ішінара басқа шлангаларға кетіп, ол жақтан сұйықтық жерге төгілген. Клиентке толықтай бензин құйылды. Ал өтпей қалған бензин басқа шлангаларға кетіп, жерге төгілген. Ол жақта аз ғана бензин болды. Бензин тақтада көрсетілген есеп бойынша құйылды, онда ешкімнің арам ниеті болған жоқ. Бізде бағдарламамен қамтылған және ешқандай да ұрлық болмауы тиіс”, – деп түсіндірді Sinooil бас дирекорының орынбасары Ерлан Сартбаев.

Оның айтуынша, оқиға биыл 27 қарашаға қараған түні болған. Сартбаев клиенттің алған 60 литр бензин үшін ақша төлегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол істен шыққан шлангтың жөнделгенін және істеп тұрғанын хабарлады. Сонымен қатар, компания клиентті сараптамаға шақырды.

“Біз клиентпен хабарластық, ол тәуелсіз сарапшысымен келуге дайын. Біз оған жағдайдың қалай болғанын, біздің әрекетімізде ешқандай да ережебұзушылықтың жоқ екенін көрсетеміз. Бізде барлығына пломба қойылған, белгілі бір құралдар бар, ол арқылы барлығын өлшеуге болады. Біз ашық саясатты ұстанамыз және барлығына де көрсетіп бере аламыз. Осыдан кейін ол жазбаша түрде өз сөзін жоққа шығаруға дайын. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ол бізге келе алмайды, бірақ апта соңына дейін келіп-кетуге уәде берді”, – деді бас директордың орынбасары.

https://www.youtube.com/watch?v=qvJglSyB6_c

https://www.youtube.com/watch?v=4Dq18Jf99W0

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз