Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Синий кит» бәле болды. Мектепте күнде жиналыс!

111

Былтыр Бас прокуратура мектептерде смартфондарды қолдануға тыйым салуды және мектепке кіре берісте оны сақтайтын жәшіктер орнатуды ұсынған болатын. Смартфондарды пайдалану оқу үрдісіне теріс ықпал етіп қана қоймай, ғаламтор кеңістігіне емін-еркін кіруіне мүмкіндік ашады, – деген еді. Бұл мәселе ол кезде ата-аналар, мұғалімдермен кеңесілгесін шешілетін болған. Бүгінде мәселенің өзектілігі арта түсуде.

Қазақстан Республикасы аумағына емін-еркін шыға алатын кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары, ғаламтор сайттары арқылы порнографиялық киноөнімдер, сексуалды сипаттағы бейнероликтер таратылған. Алматы қаласының Наурызбай аудандық прокуратурасы ғаламтор желілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде 20 осындай сайтты айқындапты. Сонымен қатар, суицидті тікелей немесе жанамалы түрде насихаттап, өлімге шақыратын фото және видеоматериалдары бар 15 қауымдастық анықталған. Әлеуметтік желілерге тіркелген бұл топтар бұғатталды.

Енді әлеуметтік желіде “Өл, немесе қаш” деп аталатын ойын шыққан көрінеді.

Оның ережесіне сәйкес, балалар бағдаршамның қызыл шамын әдейілеп күтіп тұрып, жақындап келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуі тиіс.

Аудандық білім беру бөлімдеріне дереу орта білім ошақтарында жол ережелерін түсіндіру бойынша, сонымен қатар ата-аналарымен кез-келген қауіптің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз