Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Сингапурда карантин режимін бұзғаны үшін азаматтығынан айырылуы мүмкін

1749
Інжу Қабылдина. Сурет Instagram парақшасынан алынды

— Мен продюсер әрі имиджмейкермін. Қазірде бала күтіміне байланысты еңбек демалысындамын, бос уақытымда Instagram парақшасында блог жүргіземін. Біз осы жылдың қаңтар айында Сингапурге келдік. Жолдасым университеттен Global MBA бағдарламасы бойынша оқуға грант ұтып алды. Біз төрт айдан үш мемлекетте боламыз — БАӘ, Автралия және Сингапур.

Вирустың екінші толқыны

— Сингапурдегі жағдай туралы айтып беріңізші. Соңғы оқиғаларға қатысты мемлекет қандай шаралар қолдануда?

—Басқаларға қарағанда бұл мемлекеттің пандемияға дайындығы жақсы болды.  Сингапурге 2003 жылғы SARS эпидемиясы (осыған ұқсас пневмония) үлкен ықпал етті.

2020 жылдың ақпан айынлда коронавирустың алғашқы толқыны таралды. Мемлекет Қытаймен тығыз байланыста болғанына қарамастан (халықтың 76%  – этникалық қытайлар) аурудың таралуын тежей алды.  Сондықтан ақпан айынан бастап наурыз айын дейін мұндағы мекемелердің бәрі жұмыс істеді, үй карантині деген болған жоқ. Қашықтан жұмыс істеу, оқу және әлеуметтік қашықтық туралы ұсыныстар берілді. Адамдар күнделікті тірлігін жасап, ешқандай қауіп күткен жоқ. Орташа есеппен күніне 15 жағдай тіркелді, аурудан айыққандардың саны да жоғары болды. Ал

наурыздың соңында Covid-19-дың екінші толқыны келді. Сингапур азаматтары АҚШ және Еуропа елдерінен қайтып келуге мәжбүр болды

Сондықтан мемлекет пандемиямен күрес шаралары күшейтті.

7 сәуірде премьер-министр ресторандар мен ойын-сауық ғимараттарының, адамдар жаппай жиналатын орындардың жабылатыны туралы хабарлады. Жұмыс орнына бару аса қажет емес салалардағы қызметкерлердің үйден жұмыс істеуін талап етті. Мектептер мен университеттерде қашықтан оқыту режимі енгізілді.

Карантиннен қашсаң, азаматтығыңнан айырыласың

— Халықтың карантин режиміне көзқарасын қалай сипаттап бере аласыз?

— Коронавирусқа қатысты мәселеге сингапурлықтар сабырлық танытып, жауапкершілікпен қарады. Мемлекеттің заң талаптарының сақталуына өте қатаң қарауы да үлкен рөл атқарды. Мәселен,

үй карантиннін бұзғаны үшін бір ер адам азаматтығынан айырылды

Сондай-ақ карантин талаптарын бұзғаны үшін 10 мың сингапур доллары көлемінде айыппұл салынады немесе алты айға бас бостандығынан айырады.

— Сіз неге ерекше назар аудардыңыз немесе неге қатты таңғалдыңыз?

— Біріншіден,

елдің премьер-министрі күн сайын тікелей эфирге шығып, жағдайды баяндап, халықты рухтандыруға тырысады

Екіншіден, қалыптасқан жағдайға байланысты мемлекет барлық кәмелеттік жасқа толған азаматтарға  кем дегенде 600 сингапур доллары (200 мың теңге) болатын жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Халық пен ШОБ қолдау аясында барлығы 60 млрд сингапур доллары (42 млрд долларға жуық) бөлінді.

Үшіншіден, мемлекеттің азаматтарына деген көңілі таңғалдырды. Мысалы, наурыздың соңында Жаңа Зеландияда оқып жүрген 6 студент елге қайтарылды. Жастар алғыс білдіру үшін Сингапур әуе бағыттарының экипаждарына арнап маори атты дәстүрлі билерін билеп берді

 

Сондай-ақ биліктің тапсырмасымен елде бірнеше рет қолдануға болатын бетперделерді тегін таратуда.

Алғашқы нәтижесі

— Карантин адамдардың өміріндегі көп нәрсені өзгертті. Сізде не өзгерді?

— Коронавирусқа қатысты қазіргі жағдай, күні бүгінге дейін созылған

карантин режимі өзіміздің ішімізге үңілу, құндылықтарды, көзақарастарымызды және ой-тілектерімізді қайта қарау үшін берілген

Бұл жағдай біздің қолымызда бар нәрселерді: еркіндігімізді, табиғатты және жалпы жерді бағаламайтынымызды көрсетті. Бірақ жақын арада барлығы аяқталып, күнделікті өмірімізге қайта оралатынымызға сенімдімін. Әрине барлығы бұрынғыдай болмайды. Қоғамдағы үрдістердің барлығы қайта қаралады. Болашақ бізге байланысты. Бір-бірімізді құрметтеп, қарт адамдарды сыйлай білейік.

Суреттер Інжу Қабылдинаның парақшасынан алынды: @inzhuliya

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз