Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

СІМ өкілі “Қырымсыз Украина” картасына қатысты түсініктеме берді

Маусымның 12-і күні Украинаның Қазақстандағы елшілігі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде Астана орталығында тұрған инсталляциялардағы глобустарда Ресей картасы 2014 жылы Мәскеу аннексиялап алған Украинаның Қырым түбегімен берілгеніне байланысты наразылық білдірген. Украина аумағы көрсетілген картаға Қырым түбегі енгізілмеген. Украина елшілігі өкілдері бұл мәселеге байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдағанын мәлімдеген.

“Астанадағы Нұржол бульварында Astana Art Fest фестивалі аясында Украина картасында – территориялық тұтастығын бұзатын, ал Ресей картасында – Украинаның мемлекеттік егемендігін бұзатын белгілер бар. Украина тарабы Қазақстан сыртқы істер министрлігінен түсініктеме және іс-әрекет күтеді” делінген дүйсенбінің кешінде жарияланған Астанадағы Украина елшілігінің мәлімдемесінде.

Украина елшілігінің баспасөз-хатшысы Ирина Блащук Азаттыққа маусымның 13-і күні таңертең Астананың орталығына барғанда даулы карталарды бояп тастағанын көргенін айтты. “Ресей глобусында” картаның орнына енді Василий Блаженный храмы, ал “Украина глобусында” – көк аспан, дала мен Украина ұлттық гербі салынған деп хабарлады украин елшілігі өкілі.

Дереккөз: Азаттық

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз