Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сібір жарасын жұқтырған мал көмілген 714 қорымның нақты қайда екені белгісіз

Шығыс Қазақстан облысында мұндай 275 қорым бар. 91 қорым қоршалмай тұрса, 106-сы ақпараттық жүйеге енгізілмеген. Ал бюджеттен тиісті шараларға 85,5 млн теңге қарастырылған.

Жамбыл облысындағы 192 қорымның біреуінің нақты жері белгісіз. Оған қоса, 13 қорымның арнайы белгілері қойылмаған. 178 қорым ақпараттық жүйеде тіркелмепті. Бюджеттен қажетті жұмыстарға 26,9 млн теңге бөлінді.

Батыс Қазақстан облысында 228 мал қорымы бар. Соның 144-і анықталса, қалған 84 қорымның нақты жері белгісіз. Қоршау мен арнайы белгілері қойылмаған жерлер де баршылық. Сондай-ақ 80 қорым ақпараттық жүйеге енгізілмей қалған. Алайда бюджеттен 18,05 млн теңге бөлінген.

Қарағанды облысында 135 мал қорымының 16-сы анықталған, қалған 119-ы анықталмай отыр. 6 қорымның қоршауы жоқ. Ақпараттық жүйеге бір-ақ қорым енгізілді.

Қызылорда облысында сібір жарасын жұқтырған мал көмілген 67 қорым бар. Соның 26-сы анықталды, тағы 41 қорымның жері белгісіз. Сібір жарасына қарсы шараларға 11,3 млн теңге қарастырылған.+

Қостанай облысында 310 мал қорымына қатысты дерек бар. Соның 166-сы анықталса да, 36-сының қоршауы мен белгілері қойылмаған. Оған қоса, 144 қорымның нақты қай жерде орналасқаны беймәлім. Бюджеттен 25,2 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Маңғыстау облысында 6 мал қорым бар. Соның бірде-біріеуі анықталмаған. Экспедиция мен мұрағат құжаттарын зерделеу, одан кейінгі халық арасындағы сауалнама жұмысы нәтижесіз аяқталды. Сол себепті бюджеттен ақша бөлінген жоқ.

Павлодар облысында 149 қорымның 101-і анықталса, қалған 48-інің нақты жері белгісіз. 86 қорымның арнайы белгісі жоқ. 24 қорым ақпараттық жүйеге енбеген. Жергілікті бюджеттен 5,5 млн теңге бөлінген болатын.

Солтүстік Қазақстан облысында 163 мал қорымының барлығы анықталған. Алайда қоршауы мен арнайы белгілері жоқ жерлер бар. Сондай-ақ ақпараттық жүйеге 10 қорым кірмей қалған. Бюджетте 11,2 млн теңге қарастырылған.

Оңтүстік Қазақстан облысында мұндай 400 мал қорымы бар. Соның 313-і анықталса, 87-сі әлі анықталмай отыр. 158 қорым қоршалмаған. Сондай-ақ 190 қорым ақпараттық жүйеге енгізілмеген. Жергілікті бюджет тиісті жұмыстарға 22,2 млн теңге бөлді.

Астана қаласы бойынша бір қорым болса, оның нақты жері анықталмай отыр. Сонда да жергілікті бюджеттен 8,8 млн теңге бөлініпті. Ал Алматы қаласы бойынша 2 қорым бар. Бірақ екеуі де қоршалмаған. Жергілікті бюджеттен 1,2 млн бөлінді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз