Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шымкенттің инфекция жұқтырған балалары АИТВ (ВИЧ) диагнозымен қалай өмір сүріп жатыр?

577
Сурет: Salem Human / YouTube

2006 жылы Шымкент дәрігерлерінің қателігі 149 бала мен олардың отбасыларының өмірін түбегейлі өзгертті. Тексеру жұмыстары медициналық мекемелерден бірнеше тәртіп бұзушылық анықтады. Дәрігерлер зарарсыздандырылмаған құралдарды қолданған, сондай-ақ тұтастай  “қан бизнесі” анықталған. Донор ретінде  жекебасы белгісіз, тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар тартылған.

Бүгінгі күні олардың басым көпшілігі жасөспірімдер.  Salem Social Media тобы олардың қазіргі өмірі жайлы деректі фильм түсірді.

Қазірде 149 жасөспірімнің екеуі ғана өздерінің ауруын жасырмай өмір сүруде. Олар: Бауыржан мен Аяулым. Жастар қоғамның пікірінен қорықпайды, керісінше адамдардың АИТВ-ға еген көзқарасын өзгерткісі келеді.  Бүгінгі таңда балалар Asian teens тобын құрып, АИТВ дегеніміз не және ол қаншалықты қауіпті екені туралы ақпарат береді. Олардың ата-аналары балаларына барынша қолдау көрсетеді.

Дегенмен балаларының инфекция жұқтырғанын білгенде көптеген отбасылардың шаңырағы ортаға түскен. Бұндай жаңалық есеңгіреткен әкелер отбасыларын тастап кетіп қалған.

“Еркектер өз отбасыларынан кетіп қалды. Балалар өскеннен кейін өз аналарына ескерткіш қоюы керек деп үлкен сеніммен айта аламын. Өйткені барлық ауыр жүкті аналар өз мойнына алды” – дейді Бауыржанның әкесі.

Балалар жылдар бойы  ретовирусқа қарсы ем қабылдайды. Олар күнделікті және өмір бойы дәрі-дәрмек ішуі керек. Бұл АИТВ-дәрежесі бар адамның денсаулығына төнетін қауіпті төмендетіп, басқаларға жұғу мүмкіндігін барынша төмендетеді.

Аяулым мен Бауыржанның өз армандары бар. Аяулым өз өзімді дамытып, жай ғана “жақсы адам” болғым келеді дейді. Бауыржан:

“Әлемді кемсіту қасиетінен арылтқым келеді. Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын адамдарға басқа адамдарға қарағандай қараса екен. Сондай-ақ тезірек вакцинаны ойлап тапса деп армандаймын”, – дейді.

Salem Social Media продюсерлері жағдайдың ауырлығы туралы айту фильмнің басты мақсаты емес дейді.

«Біз ешқандай трагедиясыз, нақты жағдайды көрсеткіміз келді. Бұл

жасөспірімдердің өмірі қарапайым: достарымен араласып, оқуға барып, бұл өмірді жақсы жағына қарай өзгерткісі келеді

Біздің фильміміз бірінші кезекте осы туралы. Бұл отбасылардың басынан өткен жағдай туралы тағы бір рет еске салғымыз келді. Бұндай жағдай қайталанбаса екен дейміз. Әрқайсымыз бұл үшін жауаптымыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз