Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Шымкенттің әскери сотында солдаттарға сұмдық қорлық көрсетілгені туралы айтты

207
Сурет: ia__64 / depositphotos.com

Сотталушы билігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталды. Сондай-ақ ол өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін де айыпталған болатын, бірақ бұл іске қатысты зардап шеккендермен татуласқандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.  Гарнизондық соттың баспасөз қызметі қылмыстық іске қатысты толық ақпарат берді.

«Б. есімді қызметкер зардап шеккен Р. есімді азаматқа бақылау-өткізу пунктіне барып, аспазшының жүргізушісінің есімін біліп келуді бұйырған. Р. бұйрықты дұрыс орындамағандақтан, Б. ашуға мініп оны ішінен тепкен, әскери формасының жағасынан ұстап, қолын астына салып жерге жатуға бұйрық берген. Бұдан кейін бірнеше рет басынан тепкен. Талабын дұрыс орындамағаны үшін жұдырық жұмсап, темір трубамен бетінен ұрған, —

дейді хабарламады.—

Оқу орталығының моншасының құрылысына қатысты бұйрығын дұрыс орындамағаны үшін Б. жәбірленуші Е.-ні қабырғаға итеріп, екі қолының жұдырығымен бетінен, арқасы мен басынан бірнеше рет ұрған. Сондай-ақ казарманың еденін дұрыс жумағаны үшін де жәбірленуші Е.-ге қол көтерген.

2019 жылдың тамыз айында Б. жәбірленуші А. Б., Н. Т., А. Р. және М. Б. солдаттарға қалаға шығуға рұқсаттама рәсімдеп, өзінің үйіне әкеліп, түрлі құрылыс жұмыстарын атқаруға мәжбүрлеген.

Сот Б.-ға қатысты үш жылға бас бостандығын айыру және өмір бойы еңбек құқықтарын шектеу және әскери атақтарын алу туралы шешім қабылдады.  Өкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз