Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тоқтар Төлешовке 16 түрлі қылмысқа қатысы бар деп айып тағылды

Оның айтуынша, Тоқтар Төлешов ҚР Қылмыстық кодексімен 16 қылмыс бойынша айыпталады. Одан тыс 25 адам да істі болды, оның 13-і қамауға алынған, ал 12-сі елден кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Істі сот Ербол Ахметжанов қарайтын болады.

– Биыл 29-тамызда Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери сот өндірісіне Төлешов және тағы бірнеше тұлғаға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Ең басты айыпталушы тұлға – Төлешов бірнеше қылмысқа қатысы бар деп айыпталады, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету, адам ұрлау, кісі өлтіру, билікті басып алу және оған үндеу, ҚР конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге тырысу, экстремистік топтарды құру және оған басшылық ету, трансұлттық қылмыстық қауымдастық құрып, оған жетекшілік ету заңсыздықтары бар.

Қылмыстық қауымдастықты қаржыландырып, оған қатысу, қылмыстық топты қаржыландырып, мүлікті бөлісу, қаржыландыру көздерін әзірлеу, қару-жарақты, жарылғыш заттарды заңсыз алып, оны тасымалдау, сақтау. Айналып келгенде, Төлешовке 16 қылмыс жасады деп айып тағылды, – деді Жандос Мұсабекұлы.

Бұл іске қатысты тағы 25 адам сотталып, оның қорғаушылары да қатысып жатыр.

– Олардың арасында зейнеткер, ІІ-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі Бақтыбаев Ілияс пен зейнеткер, полиция генерал-майоры Досқалиев Хибратулла да бар. Олар билікті басып алуға үндеу тастап, насихат жүргізді деп айыпталады. Ал бұл – ҚР конституциялық құрылымын күштеп өзгертумен пара-пар іс-қимыл.

Сонымен қатар полковник, әскери бөлімнің командирі Жумин Бекзат, подполковник, әскери бөлімнің командирі Пернибаев Қайрат та бар. Олар пара алды деп айыпталады. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Айтбеков Сәкен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталады.

Бұл қылмыстық іс 300 томнан тұрады, ол бойынша 104 куәгер, 17 зардап шегуші, 17 зардап шегушінің өкілі тартылуда.

„Бүгін алдын ала өткізілген тыңдалым нәтижесіне сай, іс сот өндірісіне алынды, сот отырысы 2016 жылдың 14-қыркүйегінде өтеді. Сот жабық есік жағдайында өтеді. Өйткені істің кейбір материалдары мемлекеттік құпияны қамтиды„ – деді Мұсабекұлы.

Әскери соттың баспасөз қызметі БАҚ пен қоғамды бұл істің мемлекеттік құпиядан басқа ақпараттарынан дер уақытында құлағдар етіп отыратын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз